ҚЫЗЫЛШАНЫ ЖҰҚТЫРҒАН БАЛАЛАР КӨП
Елімізде қызылша ауруы соңғы үш айда өршіп тұр. Республика бойынша бұл ауру түрі бүгінге дейін 968 рет тіркелген. Батыс Қазақстан облысында қызылшамен эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, соңғы 3 жылда өңірде қызылша оқиғалары тіркелмеген.

Ағымдағы жылы Еуропалық аймақ елдерінде қызылшамен сырқаттану жағдайының асқынуы тіркелді. 2018 жылдың 1 қарашасына 70 мыңнан астам қызылша тіркелген. Оның ішінде Украинада – 38 мыңнан астам, Сербияда – 5 мыңға жуық, Францияда – 2771), Италияда – 2599, Ресейде – 2327, Грузияда – 1471), Қырғызстанда – 448 адам ауырған. Бұл ретте, қызылшадан 68 өлім жағдайы тіркелді. Еуропада қызылшамен сырқаттанудың өсуін ДДҰ қызылшаға қарсы вакцинацияның аз қамтылуымен байланыстырады.
Еуропа өңірінде, оның ішінде Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде қызылша ауруының тіркелуі Қазақстанға инфекцияның әкелінуіне және қоздырғыштың циркуляциясының өсуіне алып келді. 90-шы жылдары вакцинациялауды өткізіп алған, егілмеген адамдардың, оның ішінде болашақ аналардың, болуы – еліміздің халқы арасында қызылша сырқаттанушылығының өсуіне алып келді.
Қазақстанда 2018 жылғы қарашадан бастап 968 қызылшаның расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 776 (80,2%). Сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеліп отыр (67%).
– Біздің облыста қызылшаны алдын алу жөнінде шаралар жүргізілуде. 2018 жылдың 10 қаңтарында облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша облыстық штабтың отырысы өтті. Медициналық ұйымдармен мектептердің медициналық қызметкерлерін қызылшаға қырағылығын күшейту мақсатында оқыту семинарлары өтуде, –деп хабарлады БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қыметі.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Қызылша – дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру.
Қызылшаның симптомдары:
Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел;
Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп, таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу; ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және ауыз қуысындағы қызыл дақтар.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.
Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар.
Ұсыныстар:
– ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;
– қызылшаға қарсы әр түрлі себептермен егілмеген балалардың ата-аналарына әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу;
– катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері және бөртпе пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау.
Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу әрқашан оңай!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу