ҚЫЗМЕТТІК ИТТІҢ КӨМЕГІМЕН ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ
Ұлттық ұлан сарбаздары «Рэмми» атты қызметтік иттің көмегімен есірткі затын сатумен айналысқан адамды ұстады. Есірткі орамы Оралдағы түзету мекемесінің маңынан табылды. Бұл туралы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Оқиға 6 ақпан күні сағат 20.20 шамасында болған. Құрамында патруль бастығы – қатардағы жауынгер Бақытжан Айтжан, қатардағы патруль Әлмұхамед Қабатаев және кинолог-ефрейтор Құндызбек Қапаев бар 5517 әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы Жазира ауданындағы патруль кезінде Широкая көшесіндегі түзету мекемесі жанынан күдікті ер адамды байқайды. Әскерилерді көрген ол белгісіз затты лақтырып жіберген.
Кинолог-ефрейтор Құндызбек Қапаев дер кезінде «Рэмми» атты қызметтік итке сол маңды іздеуді бұйырып, ит есірткі заты бар қағаз орамасын тапты.

– Табылған есірткі орамы мен осы орамның иесі – құқықбұзушы 39 жасар азамат әр қарай тергеу жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қызметті өткеру кезіндегі көрсеткен қырағылықтары мен жоғары кәсіби шеберліктері үшін әскери жасақ 5517 әскери бөлімі командирінің атынан көтермеленді, – деп хабарлады «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері, подполковник Ерболат Сұлтанов.
Айта кету керек, «Рэмми» Ұлттық ұланда бес жылдан бері қызмет етіп келеді екен. Ұлттық ұланның жауынгерлері «Рэммидің» көмегімен былтыр есірткі сатудың бес фактісін анықтаған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу