ҚЫЗҒАНЫШ ҚЫЛМЫСҚА СЕБЕП БОЛДЫ
Бүгін Оралдағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы сүйіктісін қызғанып бақталасын өлтірген Берік Титеевті кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оқиға осы жылдың маусым айында болған.

Сотқа төрағалық етуші Бақыт Ермаханов мәлім еткендей, даудың басы Динара Бөлекова есімді аруға деген қызғаныштан туындайды. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Берік Титеев пен Динара Буликова арасындағы өзара қарым-қатынасқа нүкте қойылады-мыс. Осы орайда бұрынғы сүйіктісіне деген сезімі суымаған, Титеев үнемі Буликованы бақылап жүріп, әлеуметтік желідегі парақшасын ақтарып, Бекарыс Ғалымжанов есімді азаматты байқапты. Осылайша бейтаныс жігітті кездесуге шақырады. Бірақ алғашқы басқосудың сәті түспейді. Титеев достарымен бірге басқа күні Зачаганск кентіндегі спорттық алаңда Ғалымжановтың қыдырып жүрген жеріне келіп, оны адам көзі көп түсе бермейтін жерге жүруін сұрайды. Осылайша барлығы бір көлікпен Оралдағы №50 мектеп маңына келеді. Бір-бірімен текетірес барасында Титеев Ғалымжановқа соққы жасамаққа ниет танытады. Алайда, қарсыласына оның жұдырығы дарымай, оң жақ қалтасындағы кездікпен Ғалымжановты 3 рет пышақтайды да оқиға орнынан ізін жасырады. Сол жақ өкпесімен кеудесіндегі жарақаттың салдарынан Ғалымжанов оқиға орнында санаулы минуттардан соң жан тапсырады. Сотқа төрағалық етуші Бақыт Ермахановтың айтуынша, оның үстінен ҚР ҚК 99-бабы бірінші бөлігімен іс қозғап, 11 жыл бас бостындығынан айыру жазасына кесілді.
– Яғни, адам өлтіру, қасақана құқыққа қарсы қазаға ұшырату белгілерімен кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеу тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің пайдасына 812 мың мүліктік, 3 млн. теңге моральдық өтемақы өтеу туралы шешім қабылданды, – деді судья Б.Ермаханов.
Сот залында Титтевтің туғандары марқұмды жарақаттаған пышықтың табылмағанын айтып, уәждерін жеткізді. Ал марқұмның ет жақындары болса бауырларының өмірін қиған қанды қол қылмыскерге кесілген жаза лайықты дейді.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу