ҚЫС ЖЫЛДАҒЫДАН СУЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанда қараша мен 2019 жылдың наурызы аралығында ауа райының қандай болатыны туралы «Қазгидромет» РМК гидрометорталық директоры Марина Шмидт айтып берді, – деп хабарлайды /kaz.tengrinews.kz/.

Алдын ала болжамға сәйкес, қарашада синоптикалық процестер жиі ауысып отырады, ол ауа температурасының тұрақсыздығын тудырады – аяздан оның аздап әлсіреуіне дейін, сонымен қатар, жауын-шашын болып, желдің күшеюі, жолдарда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұманның түсуі күтіледі. «Айтарлықтай аяз қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндігінің ортасында күтіледі: Қазақстанның солтүстігінде түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус суық болады. Оңтүстікте түнде 5-10, күндіз 0-5 градус суық болады. Ұзақмерзімді болжамдарға сәйкес, алдағы қыс Қазақстанда суық болады, ауа температурасы көпжылғы орташа мәннен төмен, жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады», – деп хабарлады Марина Шмидт.
Желтоқсанда суық антициклондар жиі келеді, соның әсерінен аяз, ал қар аз ғана мөлшерде болады, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа төмен болады, тек батыс пен шығыста температура нормаға сай болады. Солтүстік-шығыс, оңтүстіктің кей жерлері мен оңтүстік-батыста аздаған жауын-шашын болады. «Қаңтарда сібір антициклондарының әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көпжылдық мәннен 1 градусқа төмен, қар аз болады. Алайда батыс пен оңтүстікте ауа температурасы нормаға сай болады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы кейбір таулы және тауға жақын орналасқан аудандарда жауын-шашынның мөлшері нормаға сай болады», – деді гидрометорталық директоры.
Ақпанда ауа температурасы көпжылдық мәннен 1-2 градусқа төмен болады деп күтіледі, тек оңтүстік-шығыста климаттық нормаға сай болады. Батыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстік пен шығыстағы кейбір таулы және тауға жақын орналасқан аудандарда жауын-шашынның мөлшері нормаға сай болады.
Күнтізбелік көктемнің басында суық пен жылы күндер және қатты жауын-шашын кезектесіп отырады. Бұл айда орташа есеппен ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары, тек батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға сай болады. Наурызда жауын-шашынның мөлшері нормадан жоғары болады, тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде нормаға сай болады.
Спикердің сөзіне қарағанда, болжамның ықтималдығы 55-60 пайызға тең.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу