ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҮКІМ ШЫҚТЫ
Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай өнімдерін заңсыз саудаға салды деп күдіктелген қылмыстық топқа үкім шықты. Аталмыш қылмысқа қатысы бар деген алты айыпты 6 жылдан 8 жылға дейін жаза арқалады. Мұнай өнімдерін заңсыз саудалаған топ осыдан екі жыл бұрын күдікке іліккен еді.

Бұл жолы сот белгіленген уақытта басталды. Сот материалдарынан мәлім болғандай, 2017 жылдың күзінде Атырау-Орал тас жолының бойындағы полиция бекетінде битум тиелген бес жүк көлігі тоқтатылады. Кейін құжаттарынан шикілік шығып, ұйымдасқан қылмыстық топ деп танылады да, ісі сотқа жолданады. Сот төрешісі Қайрат Өтешов мәлімдегендей қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы болып Қайрат Намазбаев танылады.– Сот шешімімен Қайрат Намазбаев 8 жылға бас бостандығынан айрылсын, жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтесін. Деседе оған тиесілі дүние мүлкті тәркілеу жазасы алып тасталсын, – деді судья Шалқаров. Сот үкімімен Орынбор облысындағы битум зауытының директоры Тимур Қалиев пен осы іс бойынша айыпталған тағы төрт жігітке бұған дейін сегіз жыл басбостандығынан айырыу жазасы тағайындалған болса, енді олардың әрқайсысысы 6 жылға сотталды. Аталған қылмыстың тағы бір фигуранты Бақытжан Жақатаевты сот ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу үкімі шығарды. Сонымен қатар сотталушылардан мемлекет пайдасына 536 миллион теңге өндіріліп, битум тасыған көліктері мен жеке көлігінен табылған қаржысы тәркіленеді. Үкіммен келіспеген қарсы тарап таңы да шағымданатындарын жеткізді. Ал үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар белгілінген мерзім ішінде қайта қуына алады.

Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу