8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2020 1502 0
Қалалықтар қаперіне

ҚЫЛМЫСТЫ АШУҒА ҚОЛҒАБЫС ЕТКЕН КОНДУКТОРЛАРҒА СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Бөтеннің мүлкін ұрлау көп жағдайда қоғамдық көліктерде орын алып, жолаушылардың ақшасы мен әмияндары, қол сөмкелері мен бағалы ұялы телефондары ұрланады.

Бөтеннің мүлкі ұрлығының алдын алу, тосқауыл қою мақсатында Орал қ.ПБ басшылары мен криминалдық полиция бөлімінің басшылары жаңа жыл басталғалы бері қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын автобус парктерінің директорларымен кездесулер өткізуде.  Ынтымақты кездесулер барысында қылмыстардың алдын алу және жолаушыларға арналған сақтық шаралары айтылып, мүлік ұрлығына тосқауыл болып, полицияға жәрдемдескен кондукторлар мен жүргізушілерге сыйақы берілетіні баяндалды.

Дәл осындай кездесу  22 қаңтарда «Батыс Қазақстан автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автобус жүргізушілерімен және кондукторларымен ұйымдастырылды. Кездесуде алғаш сөз алған Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов қоғамдық көлік кондукторлары мен жүргізушілерін жеке мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыстануға шақырып, қылмыс орын алса, уақытылы полицияға хабарлауларын сұрады. Нұрлан Абылайұлы 22 және 4 маршруттағы автобус кондукторларының қойған сұрақтарына жауаптар берді. Сонымен қатар, қылмыстың ашылуына қолғабыс еткен кондукторлардың сыйақымен ынталандырылатынын айтты. Автопарк директорының орынбасары Данияр Мұхтаров бірлескен іс-қимылға үлес қосатындарын баяндады. Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімі жедел-іздестіру тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Ерлан Сатаев қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын бірнеше автопарктер ұжымдарымен бұндай кездесулер алдағы күндері де өткізілетініне тоқталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
139 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
383 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»