ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ
Бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы 60-қа жуық волонтерлік ұйым 10 мыңнан астам адамның басын біріктіріп отыр. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш Волонтерлер қозғалысын дамыту, волонтерлер жылының облыста жүзеге асырылуын баяндады.

«Волонтер жылы» аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы Volonteer07.kz сайтын жасақтап, іске қосты. Бұл көмек іздеушілер мен көмек берушілер арасындағы байланыстырушы көпір. Онда кез келген адам волонтер бола алады және қажетті волонтерлерді таба алады. Аталмыш сайттың мақсаты – волонтерлік ұйымдар мен волонтерлік қозғалысты біріктіре отырып, облысымыздағы волонтерлер қозғалысын дамыту. Сайт негізгі он төрт бағыт бойынша қызмет атқарады. Атап айтқанда, «Медицина», «Экология», «Әлеуметтік волонтерлік», «Медиа-волонтер», «Оқиғалық волонтерлік», «Жануарлармен волонтерлік», «ТЖ волонтерлік», «Мәдени волонтерлік», «Донорлық», «Спорттық волонтерлік», «PRO BONO және зияткерлік волонтерлік», «Корпоративтік волонтерлік», «Виртуалды волонтерлік» және «Этно волонтерлік».
Аталған сайтқа алғаш болып бүгін облыс басшысы Ғали Есқалиев тіркелді және волонтер ретінде бірінші шарасын да атқарып үлгерген.
– «Аялаған алақан» қоғамдық бірлестігімен бірге Балалар ауылына барып, тәрбиеленушілермен мотвациялық кездесу өткізді және оларға сыйлықтарын тарту етті, – деді Нұрхат Ораш.
Волонтерлар жылының ашылуына орай өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерліктің еңбек өтілі ретінде есепке алынатынын атап өтті. Бұл волонтерлікке ниет танытушылардың көбеюіне ықпал етері анық.
– Сайтта әр волонтердің жеке кабинеті болады. Осы кабинетте оның атқарған жұмыстары туралы мәлімет енгізіліп отырады. Осы деректер бойынша олардың еңбек өтілдері есептелмек, – деді Нұрхат Ораш.
Сондай-ақ өткен жылы студенттерген арналған республикалық qazvolunteer.kz платформасы құрылған болатын. Аталған платформаға өткен жылы өңірімізден 427 волонтер тіркеліп, атқарған жұмыстарына сай еңбекақыларын алып отыр. Нұрхат Ораштың айтуынша, «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында олардың санын көбейту мақсаты қойылып отыр.
Облыс бойынша «Волонтер жылына» орай 2020 жылға арналған жоспар бекітіліп, волонтерлік бағытындағы 200-ге жуық іс-шаралар жоспарланып отыр. Жоспарда волонтерліктің 7 жалпыұлттық бағыты негізге алынған. Жалпы «Батыс Қазақстан облысының волонтерлер қозғалысын дамыту» жобасын жүзеге асыру мақсатында 5 млн. теңге қаражат бөлінген.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу