8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2019 2575 0
Қалалықтар қаперіне

«ВОЛОНТЕР ЖЫЛЫНА» ОРАЙ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Қазақстандағы «2020 – Волонтер жылы» қарсаңында Батыс Қазақстан облысындағы Волонтерлікті қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Волонтерлік бастамаларды дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасы аясында бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру мақсатындағы брифинг өтті. Брифинг барысында аталмыш жобаның тұсаукесері өтіп, келесі жылдың перспективалары, сондай-ақ осы жылы Қазақстанда волонтерлік рөлді күшейтуге бағытталған қызықты жобалар таныстырылды.


Волонтерлік корпус жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жүйелі және үйлесімді өзара іс-қимыл жасау үшін волонтерлік ағындарды дамыту және басқару бойынша волонтерлік ұйымдар қатарынан бірыңғай Үйлестіру орталығын құруға бағытталған. Волонтерлерді қолдау орталықтары әр өңірде брифингтер, бейресми кездесулер өткізеді, зерттеулер, челлендждер, медиа-сыныптар, іс-шаралар, волонтерлер үшін конкурстар өткізеді, сәтті волонтерлер туралы медиа-материалдар әзірленеді.

Жобаның мақсаты – бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру.
Жобаның ұзақ мерзімді нәтижесі «Студенттік бастама» жалпыреспубликалық волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі кез келген әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағыттылған «VоБлаго» (Игілік үшін) волонтерлік корпусын құру жолымен волонтерлік қызмет инфрақұрылымын дамытуда жүйелі қадамдар жасау болады деп күтілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»