Валерий Юрьевич Крылов №19 округ депутаты
1966 жылы 8 наурызда Орал қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Славянск қ. әуе училищесіне оқуға түседі. Училищені 1986 жылы бітіріп, Ақтөбе қалалық әуе тобына жолдамамен жұмысқа тұрады. Кейін Орал әуежайына инженер-электр механик болып жұмысқа қабылданады. Әуежайда 1994 жылға дейін жұмыс жасайды.
1994 жылдан 1999 жылға дейін «Орал -1» АҚ мен «Береке» компаниясында басшылық қызметтер атқарады.
1999 жылы «Ақсай нан өнімдері комбинаты» ААҚ президенті болып тағайындалады. 2000 жылы «Яикская нефтебаза» акционерлік қоғамын басқарады. 2003 жылы «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-ның тең құрылтайшысы болады. 2007 жылы «ПластикАвтоТранс» ЖШС-ның директоры және қатысушысы, сонымен қатар «Орал сауда-өнерксіп компаниясы» ЖШС-ның қаржы директоры лауазымдарын атқарады. 2010 жылдан бастап ««Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры»В.Ю.Крылов Батыс Қазақстан басқару және құқық институтын бітірген. 2011 жылы Nazarbaev University and Duke University тыңдаушысы атанса, осы жылдың қыркүйек айында «Туран-Профи» Халықаралық кәсіпқой академиясының «Экономика саласында жұмысшыларды басқарушылардың біліктілігін көтеру» курсының сертификатын иеленген.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» және 2015 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл» медальдарымен марапатталды.
Үйленген, екі баласы бар.
Версия для печати
Пікір үстеу