8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2026 718 0
Қалалықтар қаперіне

Урдинский көшесінде магистральдық жылу құбыры жаңартылуда

Орал қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Осы бағытта «Жайық Жылуқуат» АҚ қаладағы жылу жүйесінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта Урдинский көшесі бойындағы диаметрі 325 мм болатын магистральдық жылу құбырына күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жоспарға сәйкес, жаңартылатын жылу желісінің жалпы ұзындығы 300 метрді құрайды.

Аталған жұмыстардың басты мақсаты – жылу құбырларының тозуын азайту, жүйенің өткізу қабілетін жақсарту және апаттық жағдайлардың алдын алу. Сонымен қатар бұл шаралар қыс мезгілінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, жылу желілерін жаңарту – қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Себебі магистральдық құбырлардың сапасы мен тұрақты жұмысы жылыту маусымының үздіксіз өтуіне тікелей әсер етеді.

«Жайық Жылуқуат» АҚ қала тұрғындарынан жөндеу жұмыстары кезінде уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, толық аяқталғаннан кейін жылу жүйесінің тиімділігі арта түспек.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
80 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
282 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
273 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»