УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТЫ АШТЫ
Ақсай қаласында аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы И.Нұрлановтың жеделдігінің арқасында кісі өлтіруші қылмыс орнында ұсталды.

БҚО Полиция департаменті мәлім еткендей, ол еңбек демалысында бола тұра ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына барып, қылмыскерді ұстау шараларын қабылдаған.
Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, 1981 жылғы Н. 1985 жылғы К.-мен жағымсыз қарым-қатынаста болған, яғни қасақана өлтіру мақсатында оның қорғануына мүмкіндік берместен, 10 мәрте темір трубамен басынан ұрған. Алған жарақатынан К. сол жерде көз жұмады. Бұл оқиға Н.-ның үйінде болған. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітті үйдің артқы ауласына сүйреп апарып, заттарын полиэтиллен пакетке салып, өзінің «Шевроле Нива» маркілі көлігінің салонына тастай салған. Ал көліктің бензинін құтыға құйып алған.
Бұл жағдайдың бәрін көріп тұрған куәгер дереу Бөрлі аудандық полиция бөлімінің учаскелік испекторы И.Нұрлановқа хабарлайды. Инспектор оқиға орнына шығып әрі Бөрлі аудандық Полиция бөлімінің кезекшісіне хабарлап үлгерген. Инспектор И.Нұрланов оқиға орнына келгенде үйдің алдындағы асфальт жолдан қоңыр-қызыл түсті тамшыларды көрген және ауладағы Н-ның іс-әрекетін сырттай бақылайды. «Сова» патрульдік тобы келгенде, полицейер аулаға кіріп, жасырылған К.-нің мәйітін тапты. Өзінің қатыгездік әрекетінің ізін жасырып үлгермеген кісі өлтіруші ұсталды.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кісі өлтірген Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң режимдегі мекемесінде жазасын өтейді.
БҚО полиция департментіне Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан жеке ұйғарым жолданған. Онда Бөрлі аудандық ІІБ учаскелік инспекторы И.Нұрлановтың өзінің азаматтық борышы мен қызметтік міндеттерін адал атқаруы арқылы ерекше ауыр қылмыстың ашылғаны аталған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу