8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2019 1142 0
Өзек

«УАҚЫТЫНДА ШАБЫЛМАҒАН АРАМШӨП ҚАР ҰСТАЙДЫ»

       Біздің өңірде бүгінде 14 қоғамдық кеңес құрылған. Қоғамдық кеңес қоғамдағы ең өткір мәселелерге үн қосуда. Олар сан түрлі сала қызметін бақылап,  кемшін тұстарын қоғам талқысында талдап, олқылықтардың орнын толтыруға жұмыстануда.

Өткен аптада Батыс Қазақстан облыстық мәслихатында қоғамдық кеңестің кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша кеңес мүшелері облысымызға танымал, туризм әсіресе, балалар туризмінде ерекше еңбегімен танымал,  облыстық қоғамдық кеңес мүшесі болған  Виктор Фоминді еске алып,  кеңес құрамынан босату туралы шешім қабылданды.

Бұдан соң  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы  аталмыш департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев баяндаса, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Марат Басаров Зашаған  шағынауданында тағы бір «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылатынын хабарлады. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкімшілік кедергілерді жояды және қызметтерді алу процесін жеңілдететінін тарқатып айтты.

Ал  2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы  Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюпов баяндады. Ал қысқы кезеңде автомобиль жолдарындағы көліктердің қауіпсіз және кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етудегі жұмыстардың барысы туралы  Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Айтмағамбетов жеткізіп, облыстық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары туралы кеңінен әңгімелеп берді. – Қыс мезгілінде автожолдарды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарына арналған қызметкерлерге қажетті жол техникалары бар. Құрылыс мекемелерінің бос техникаларын бүгінгі күнге келісіп, арнайы оперативті түрде шығатын арнайы техника колонасы анықталды, бес бірлік техниканы жұмылдыруға жұмыстанып жатырмыз. Қар түскен кезде автожолдардың қар басатын телімдеріне көлік құралдарын үздіксіз жүріп өтуін қамтамасыз ету үшін қар тазарту техникаларының тұрақты қызмет көрсетуі ұйымдастырылатын болады. Қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында су өткізгіш құбырларын салу жұмыстары бойынша 436 су құбырын салу жоспарланып отыр, – деген ол автожолдарды күтіп ұстау және олардың уақтылы орындалуын бақылау үшін алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жол активтерінің сапасының ұлттық орталығы мекемесімен бірлесіп жұмыс жүргізетінін хабарлады.

Жиында Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Әлихан  Досмұхамбетов орынды мәселе көтерді.

– Чапай-Сайхын автожолдарының 113-130 шақырымында Жаңақала ауданы аймағында 900 млн.-ға жуық ақшаға күрделі жөндеу жұмыстары өткізілген болатын. Бірақ соның кейбір бөлігі сапасыз салынғанына куә болдық.  «Ануш-құрылыс» ЖШС өкілі сол сапасыз жолды бұзып, қайта түзеткелі тұрғанда, неге тапсырыс беруші құрылыс басқармасының өкілдері серіктестіктің материалдық жағдайына алаңдайды? Сапасыз жол салған компанияға қандай шара қолданасыз? Әлегі көп айқұш-ұйқыш жолдардан ертең тұрғындар жол апатына ұшыраса қайтеміз? – деген жанайқайын жеткізді Әлихан Декартұлы.

Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы аудандағы «Тасқала-Аққурай-Болашақ»  автожолы 24 рет салынғанын жеткізді. Оның айтуынша, қақаған қыс кезінде асфальт қардан тазаланбай, бір тәуліктен артық тұрған күндері болды, «Оян»  ауылының жолы бір жұма жабық тұрады, осындай қиындықтар жыл сайын қайталанып келеді екен. Сырым аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мемлекеттік меншік болып табылғанымен, Жымпиты-Ақсай жолдарындағы жағдайды реттеу керегін  ескертті.

Жәнібек аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекет Әліпқалиев ауданның Ұзынкөл ауылдық округінің 115-110 шақырым жол жиегін жыл сайын ұзындығы бір метрге дейін жететін арамшөп қаптап кететінін айтты. – Қыс кезінде арамшөп қар ұстайды, нәтижесінде жолаушылар қиындық көреді. Тұрғындар өздері жолды аршып алады, солай бейімделген. Жаздыгүні Жәнібек ауданының 88-ші шақырым жолын қарайтын бірде-бір мекеменің техникасы келмейді. Чапай-Қазталов-Жәнібек тасжолдарына бір мердігер анықталып, ақша бөлінді ме? Уақытында арамшөп неге шабылмайды? Неше рет қадағалап тексердіңіз? – деген көкейкесті сұрақтарын қойған ол ауызша да, жазбаша да жауап беруін талап етті. Бәйтерек ауданының облыстық кеңес мүшесі Мәлік Өтешев тек Ұзынкөлден емес, Сайхынға дейін жол жағалай арамшөптен арылмайтынын тілге тиек етіп, арамшөптер уақытында шабылмай, жолдарымыз сапалы  тегістелмей халықтың көңілі көншімейтінін жеткізді. Автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Есқайырұлы кеткен кемшіліктердің түзелетінін,  жол сапасын,  жөндеу жұмыстарын әркез бақылауда ұстайтынына  уәде  берді.

Ал бесінші мәселе бойынша Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субьектілері жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту жөніндегі шаралар туралы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бибігүл Ниетқалиева баяндама жасады.

Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бағыты бойынша атқарылған жұмысы оң бағалансын, мемлекеттік органдардың бірігіп мониторинг жасау мәселесі, сыртқы мониторингке бірігіп жоспар жасап, қоғамдық кеңеспен бірге жүргізсек деп қорытындылады, жол басқармасының жұмысын  да мониторинг жасап тексеруге болады деген қарар қабылданды.

Кез келген адам ел үшін маңызды мәселені облыстық Қоғамдық кеңес талқысына салып, күн тәртібіне шығара алады. Ол үшін кеңес мүшесі болуы міндетті емес. Мемлекет пен қоғамның алға дамуы үшін қажетті ұсынысты әр адам айтуға құқылы. Келісіп  пішкен тон келте болмайтыны айдан анық.

 

Мейрамгүл ХАСАНОВА, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің

 аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
95 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
313 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
800 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1176 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1098 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1537 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2152 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2319 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2326 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2376 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2379 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2015 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2861 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2914 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2911 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3519 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3490 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3478 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3457 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3618 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3664 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»