ТЖ КЕЗІНДЕ КАБИНЕТ ЗЕРТХАНАШЫЛАРЫ ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛМАЙДЫ
Төтенше жағдай режимінің енгізілуі кезінде білім беру ұйымдарындағы кабинет зертханашылары қызметкердің келісімінсіз жұмыстан босатылмайды және еңбек демалысына жіберілмейді. Бұл Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №123 «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығында көрсетілген.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты бірқатар педагогтар ақылы еңбек демалысына жіберілді. Бірқатары қашықтан оқыту бойынша жұмыс жасауда. Ал кабинет зертханашыларын жұмыстан босату, қысқарту орынды ма? Бізге облыстағы білім ұяларының бірінен хабарласқан мұғалім негізгі ұстаздық қызметіне қоса атқарып жүрген зертханашылық жүктемесін басшылық ескертусіз алып тастағанын айтты. Аталмыш мәселе бойынша облыстық білім басқармасының басшысы А.Тржановаға сауалымызды жолдаған едік. Жауап төмендегідей:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №123 «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығына сәйкес білім беру мекемесінің басшысы қызметкерлерді келесі топтарға анықтау арқылы жұмысын жалғастыруы анықталды.
– білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер (әкімшілік-қосалқы, техникалық персонал);
– қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер (оның ішінде оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын барлық пәндер педагогтерімен қатар, жұмыстарды қашықтық режимде өткізуді және орындалуын тексеруді жүзеге асыратын физика, химия, биология, информатика кабинеттерінің, лингафондық-мультимедиалық кабинеттердің зертханашылары кіреді) жұмыстарын жалғастырады. Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес зертханашылар төтенше жағдай кезінде қызметкердің келісімінсіз жұмыстан босатуға немесе еңбек демалысына жіберілмейді» делінген облыстық білім басқармасынан берілген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №123 «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығы барлық аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері мен мектеп басшыларына назарына жеткізілген. Бұл бұйрық талаптары сақталуы тиіс. Сондықтан жұмыстан қысқарту немесе қызметкердің келісімінсіз еңбек демалысына жіберу мәселесі орын алса, білім басқармасына жүгінуі қажет.
Білім басқармасы мәлімдегендей, бүгінде облыс мектептерінде 412 зертханашы бар және жоғарыда аталған бұйрыққа сай олардың жүктемелері сақталады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу