8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2021 2720 0
Қоғам

«ТЫРНА, ТЫРНАЛАР, АМАН ҚАЙТЫҢДАР!»

(Танымал тұлға, Қазақ өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші, күйші, композитор Гүлнәр Дәукенова туралы ой-толғау).

«… Көзіме енесің де

Жақындап келесің де

Кетесің сағымданып

Әлде бұл елесің бе?…

Мен жалғыз қала берем

Махаббат кемесінде

Шыңдағы шынарым-ай,

Қол жетпес құмарым-ай…

Мен жалғыз қала берем махаббат кемесінде!»

Өлеңін А. Асылбеков жазған осынау жыр жолдары неткен аянышты еді? Аяулы Гүлнәрымыздың өзі сызылта шырқайтын «Шыңдағы шынарым-ай» әнін тыңдаған жанның сай-сүйегі сырқырары анық!
Оның «Сағым жылдары», «Күрең күзі», «Қайран уақыты» тағы басқа да құлақтан кіріп бойды алар әндері маңдайға жазылған тағдырын, сағаттың тіліндей тоқтайтын мезгілін алдын ала баяндап, болжап бергендей.

Иә, Гүлнәр Дәукенованың дәл бүгінгідей 13-мамырда жұлдызы оқыстан ағып түскеніне тура бір жыл! Зымырап он екі ай жылжып өтсе де, «Өзі де бір төбе» қайталанбас өнер иесінің орны ойсырап тұр! Қоңыраудай үні көзайым көрерменнің көкейінде тұр! Тұра да бермек.
Қазақтың тағы бір талантты перзенті, ғұмыры ұзақ бірнеше әндердің авторы, өнер жолы мен өмір жолы да дара – Донеділ Қажымовтың тағдыр тоғыстырған, Құдай табыстырған жан-жары болған Гүлнәр Дәукенова қасиетті Семей жақтың сүйегі де сұлу, өңі де сұлу аруы.
Жасыл Жайықтың жайдарлы келіні.

Бәрі де күні кешегідей есімде. «Nur Otan» ғимаратының кең залы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Донеділ Қажымовтың концерті. «Ақ Жайығым айдай ару мекенімді» рахаттана тыңдап, арқасын кеңге жайған көрермен қауымның көптен көрінбей кеткен қадірлі ұлдарына деген, әндеріне деген ықыласы бөлек.

Осы кеште залда Ақұштап апаммен қатар отыр едім. Кенет Мәдениет саласының бір қызметкері келді де, сәлден соң сахнаға Гүлнәр Дәукенова шығатынын, оны хабарлайтынын айтты. Сол бойда Ақұштап Бақтыгереева орнынан шалт көтерілді. Мен ілкіде ешнәрсеге түсінбедім. Сәлден соң көлде жүзген қос аққудай Гүлнәр мен Донеділ биік сахна төрінде иықтасып тұра қалды. «Апырмай, екеуі бір-біріне үйлесе қалған екен?! Неткен жарасымды жұп! Бір-бірін енді тапқандай?! Тіл-көзден аман жүргей. Бақытты болғай». Дәл осы сөздер о шеті мен бұл шеті жоқ атшаптырымдай залдың әр тұсынан айтылып, естіліп жатты. Пейілдері даладай кең жерлестері көптен екеуіне тілеулес білем.

Содан микрофонды қолына ұстаған Ақұштап ақын: «Гүлнәр, айналайын, айың оңыңнан тусын. Жұлдызың соңынан тусын. Сен енді Ақ Жайықтың аппақ келінісің! Мынау зал толы халық бұдан былай сенің де біздің батысқа бөтен емесіңді білсін! Батасын берсін! Сыртыңнан сыбырламай, күңкілдемей, көзіңе тура қарасын деп шығып тұрмын бұл жерге! Бұдан былай, біз аялаған ардақты Донеділімізбен өмір сапарында, өнер сапарында қолұстасып бірге жүре бер. Жұптарыңыз жазылмасын. Елдің өздеріңе деген ниетіндей мынау ақ жаулықты төрт көзі түгел көрерменнің көзінше басыңа тартқым кеп тұр. Бұл Жайық жұртының саған сыйлаған орамалы, берген ақ батасы деп қабыл ал, қалқам!» деді.

«Көңіл – көңілден су ішеді» деп, дариядай көңіл шіркін әп-сәтте толқындай тулап қоя берді. Манадан гуілдеп отырған жұрт бүгілген тізелерін бір сәт жазып, тік тұрып ұзақ қол соқты.

Менің Оралымның жөн білер, жол көрсетер бекзаттары бақыттың бесігінде тербелген қос музаға, қос аққуға, қос талантқа сәт-сапар тіледі.

Содан бері елдің алдында Гүлнәр мен Донеділ. Той мен жиында, барлық жақсылықта Гүлнәр мен Донеділ. Егіз еліктей екеуіне қарасаң көз тоймайды. Екеуі де көрікті. Екеуі де Ай мен Күндей. Ән салса, таңға дейін тыңдауға асықсың, ынтықсың! Жадыраған жүздеріне қарап жандарында жүре бергің келеді.. Аңқылдап сөйлейтін, жымиып күлетін, бала мінезді, аңғал, ақ көңіл жанды батыстың ізетті ұл-қыздары «Гүлнәр апа, апатай, жан әпке» деп атап, тез бауыр басып кетті. Журналистер қауымы марқұм Мәдина шарықтата шырқаған «Қош енді қош бол, күрең күз», «Сағым жылдарынан» бастап бірнеше әндерінің тарихын сұрауға, жазуға асықты. Күн санап
жұрттың жұлдызды жұпқа назары ауды. Қызыға әрі қызғана қарады. Алматыға қоныс тепкен Донеділ ағамыз Гүлнәрімен Оралына жиі оралды. Көріскен сайын халқы әндерін ынтыға тыңдап, құшақтарын гүлге толтырды. Біздің » Жайық үні» газетіне де өзімнің өтінішіммен көлдей сұқбаттар берді. Халық екеуін ылғи биік-биік сахналардан көрді. «Әңгімесі таусылмайтын» жұбайларға айналды. Ел-жұрты да оларды алақанға сап аялады.

* * *

16.09.1961-13.05.2020

Шіркін, сол шалтты, шалқар шабытты шақтар қайталана бергенде ғой, арқан жіптей үзілмей! Сұқ көз бе, ащы тіл ме, қайдан білейін. Асау армандар күзгі жапырақтай желмен ұшып, бұтағынан ерте ажырады. Таңдайына бұлбұл ұя салған, Жаратқан Ием жүрегіне сырлы да, мұңды әндер жаздыртқан Гүлнәр әпкеміз қапияда ағып түсті. Сұм ажал оны да арамыздан алыстатты. Шыт-шытырман өмірдің қиындығын өткеріп, ешкімге жемін жегізбей,
жеңіп, тыныштықтың ұясын енді ғана паналай бергенде шалтты шаңыраққа қайғының бұлты төнді. «Өмірің өз қолыңда» деп Қадыр ақын айтпақшы, көзін ашқаннан адам болуға талпынып, кісіліктің жолында күрескен, әділдік пен адамгершілікті ту еткен, ар-ұяттың ауылынан алыстамай, ана сүтімен бойына дарыған хас өнерді аялап, уақытын бағалап, ер-азаматын қас-қабағынан ұққан нәзік жанның жүрегі мәңгілікке тоқтады. Ақ Жайығы Ақ Гүлнәрін жоқтады.

Донеділін жұбатты. Қолтығынан сүйеді. Әлі де елі аза тұтқан азаматымен бірге! Бауыры бүтін, төрт құбыласы түгел кім бар дейсің, бұл фәниде. Меніңше, ән қанатында, өнер көкжиегінде құстай еркін самғай жүріп, қыршынынан қиылған өнер жұлдыздары – Күләш Байсейітова, Мәдина Ералиева, Қаламқас Орашева мен Қалампыр Рахимова, тіпті Анна Германның өміріне Гүлнәр Дәукенованың да тағдыры, армандары ұқсайтын секілді.
Өнер зерттеушілері дарынды композитордың дара жолын болашақта зерттейтін болар. Бір қуанарлығы, көңілге медет тұтарымыз – музыка саңлағының салған ізі, бұлақтай мөлдір дауысы, Қазақ өнеріне қосқан сүбелі үлесі халқының жүрегінде ұзақ-ұзақ сақталатыны! Көзден кетсе де, көңілден жоғалмайтыны! Қыздарын елі емірене сағынатыны! Сағынып, еске алып жүретіні! Әндерінің шырқалатыны және өміршеңдігі!

* * *

Иә, тірі жүрсе Гүлнәр әпкеміз Донеділін қолтықтап Жайығына ұшып келер еді. Үнжарына үнемі барып, Алатаудың бөктерінде шалқып-тасып жүрер еді. Ол сырқаттанып қалғанда «ашық аспан мен айлы түнді көре берсе екен» деп тілеп еді ниеті түзу алаш жұрты. Қайтерсіз?! «Жазмыштан озмыш жоқ». Иә, иә… Алма жүзін қоңыр топырақ бүркесе де, қара жер жылы жүзін жасырса да қазақтың біртуар Гүлнәр Дәукеновасы Мәңгілік елімен бірге жасайды! Жасай береді!

* * *

«Тырна тырналар. Жеткіз бір хабар. Жаныңда аман жүрсем болмай ма? Жүрмін шалғайда. Туған ел қайда? Туған жерге қайтар жол қайда?» деп келетін Гүлнәрдің бұл әнін де жайдан-жай тыңдау мүмкін емес. «Тырна, тырналар. Сұлу тырналар. Аман қайтыңдар. Ғазиз анама сәлем айтыңдар» деп үн таспасында таудың жетегінен өзінің Үнжарына қолын бұлғайды кеп… Әттең-ай, десеңізші?! Егер дарынды Дәукеновамыз арамызда болса сырға толы әндерді өмірге әлі әкелер еді. Донеділімен бірге бақыттың базарын кешіп, әсем табиғаттың саясында әндерін шырқар еді. Айттың не, айтпадың не?! дүние – жалған.

Сұлу тырналар әлі талай көкке ұшар-ау. Елге сәлем айтар-ау. Барған жерінен аман қайтар-ау. Тек, Гүлнәрдің қайтпайтыны, Гүлнәріміздің қайтып оралмайтыны өкінішті–ақ!.. Бақұл бол, иманды бол, Гүлнар апа! Гүлнәр әпке! Қырда қызғалдағы жайқалған мынау мамыражай мамырда жамбасың тиген топырағың мап-мамық болсын! Жұп-жұмсақ болсын! Рухың «Гүлнәрім деп жоқтаған» ел-жұртыңды қасиетті Оразада желеп-жебесін… Жайық өңірі Сізді естен еш шығармайды. Донеділ ағамызды көрген сайын жанынан дәл Сізді көргендей боламыз. Елеске айналған бейнеңізді, сағынышқа айналған әдемі жүзіңізді көре береміз. Інжу-маржандай әндеріңізді де тыңдай береміз…

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
86 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
150 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
385 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
867 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1245 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1146 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1604 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2220 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2385 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2392 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2443 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2448 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2061 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2927 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2981 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2975 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3588 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3556 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3547 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3523 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3683 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»