8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2020 1785 0
Қоғам

Тылда тынбай еңбек еткен

Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлерімен қатар тыл еңбеккерлері де құрметке бөленді. Ішкі істер саласының ардагері Анатолий Зотовты Орал қалалық Полиция басқармасы ұжымы арнайы құттықтап барды. Кеңес әскерінің қайсар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жеңісті жақындатқандар қатарында қарапайым жұмысшы халықтың үлесі зор. Сол жылдары жүздеген кәрі мен жас, әйел мен бала тәулік бойы тынбай еңбек етті.


Солардың бірі Анатолий Зотов Ұлы Отан соғысы басталғанда сегіз кластық қана білім алып үлгерген екен. Зұлмат соғыс басталған шақта оқуын кенеттен үзіп, кейін 9-10 класты кешкі мектепте оқиды. Әкесі Константин Иванович көзін ашқаннан су шаруашылығында еңбек етіп, соғыс басталған жылдары 15 жасар ұлын өзінің қасына алып, еңбекке ерте араластырады. Әкесі қалыптастырған еңбек жолын жалғап, Анатолий соғыс жылдарында Жайық өзені бойында талмай еңбек етеді. «Бақытты балалық шақты біз көрмедік. Соғыс жылдарында Жайық өзені бойымен көп жүктер тасылатын. Тиелген жүктер Сталинград қаласына жөнелтілді. Майдан даласына қажетті тауарлар мен шаруашылық заттары су жолымен Орынборға, одан әрі Гурьев облысына дейін жеткізілетін. Бәрін майданға тасыды. Майданды қамтамасыз ету алдыңғы мақсат болды. Өзіміз ішіп, жемесек те, жауынгерлерге жіберуге асығатын едік. Жау шебінде жүрген жолдастардың аш құрсақ, жалаңаш болмауын тіледік» деп еске алады қария.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА

Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 7 мамыр күнгі №17 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»