ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЖЕЛІЛЕР ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесу жиынанда БҚО әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Орал қаласындағы магистралды жылу желілері жаңартылды. Оған 1,5 млрд. теңге жұмсалған.
– Енді Орал қаласы бойынша кварталішілік жылу желілерін жаңғырту басталмақ. Ақсай қаласында ұзындығы 29 шақырым болатын сыртқы жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Мысал ретінде атап өтейін, Ақсай қаласы бойынша тозған жылу жабдықтары 43 пайыздан 7 пайызға дейін азайды, – деді Алтай Сейдірұлы.
Сондай-ақ Президент тапсырмасына орай, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап облыста коммуналдық төлемдер азайтылғанын да атап өту керек.
Версия для печати
Пікір үстеу