ТОҒЫЗ АЙДА 9678 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Батыс Қазақстан облысының Статистика департаментінің облыстағы демографиялық ахуал туралы мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша облыс халқының саны 650,8 мың адамды құрайды. Оның ішінде 337,9 мың адам (51,9%) – қалалықтар, 312,9 мың адам (48,1%) – ауыл тұрғындары.
Облыс халқының жалпы саны 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 3896 адамға, соның ішінде қала халқы 4653 адамға көбейіп, ауыл халқы 757 адамға азайған.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте АХАТ органдарында 9678 туылғандар тіркелді немесе 2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 1,3 пайызға көбейді. Жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,92 туылғанды құрады (2017жылғы қаңтар-қыркүйекте – 19,83). Дүниеге келген сәбилердің 5195 облыс орталығында тіркелген, бұл барлық дүниеге келген сәбилердің 53,7 пайызын құрайды.
2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс бойынша дүниеден өткендер саны 4244 адамды құрады, немесе 2017 жылдың осындай кезеңіндегіден 5,3%-ға көбейді. Жалпы өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,74 адамды құрады (2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 8,36). Осы кезеңде бір жасқа дейінгі шетінеген нәрестелер саны 11,1 пайызға көбейген.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс бойынша келгендер саны 24381 адамды немесе 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 75,7%, кетушілер саны сәйкесінше 25919 адам немесе 77,3% құрады. Халықтың көші-қон қозғалысында теріс сальдо 1538 адамды, оның ішінде облыс аралық алмасу бойынша 685 адамды, халықаралық алмасу бойынша 853 адамды құрады.
Облысішілік алмасу бойынша облыстың қалалық қоныстарына ауылдықтар ағыны
2635 адамды құрады.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу