ТМККК және МӘМС-ға дәрілік көмек
Версия для печатиДенсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер белгілі бір аурулар болған кезде еліміздегі азаматтардың ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сенім арта алатынын регламенттейді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 75 бұйрығымен бекітілген Нозологиялар мен қолжетімді дәрілердің тізбесімен мына жерде танысуға болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрі-дәрмектер тізімін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, амбулаториялық тізбеге қосымша мынадай нозологиялар енгізілді:
инфекциялық және паразиттік аурулар (Лайма ауруы, желшешек, микоздар, токсоплазмоз және т. б.);
ас қорыту аурулары (целиак ауруы, холелитиаз, холецистит/холангит және т. б.);
эндокриндік бұзылулар (аминқышқылдары тасымалының бұзылуы);
жүйке жүйесінің аурулары (Альцгеймер ауруы, мигрень, тригеминальды нервтің зақымдануы, Дюшен бұлшықет дистрофиясы және т. б.);
көру мүшелерінің қабыну және қабыну емес аурулары (жедел/созылмалы блефарит, конъюнктивит, глаукома және т. б.);
қан айналымы жүйесінің аурулары (бастапқы өкпе гипертензиясы, инфекциялық эндокардит) және т. б.
тыныс алу органдарының аурулары (жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекциясы, синусит, бадамшабез және аденоид аурулары, вазомоторлы және аллергиялық ринит).
Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 49 нозология, МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 атауы бойынша 79 нозология қамтамасыз етіледі.
Дәрі – дәрмек алу үшін науқас өзінің учаскелік дәрігеріне (медбикесіне) жүгінуі тиіс. Учаскелік дәрігер / медбике науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрілік заттарды алуға рецепт жазады. Сіз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен және рецептімен емхананың дәріханасына хабарласуыңыз керек.
2022 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 140,3 млрд теңге, оның ішінде МӘМС жүйесінде 45 млрд теңге қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойыша филиалы.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу