8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Наурыз 2026 47 0
Референдум2026

ТМҰ бақылаушылары: референдум ашық әрі заңға сай өтті

Референдум күні Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы үш топқа бөлініп, Астана қаласындағы 31 дауыс беру учаскесінде мониторинг жүргізді. Бұл туралы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ұйымның Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мәлімдеді.

Оның айтуынша, миссия әкімшілік немесе құқық қорғау органдарының дауыс беру учаскелерінің жұмысына араласуын байқамаған. Адамдар өз еркімен келіп дауыс берген.

«Миссия ешқандай маңызды заң бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді байқамады. Дауыс беру учаскелерінде халықаралық және жергілікті байқаушыларға барлық жағдай жасалған, бәрі қолжетімді болды. Олар жұмыстарын еш қиындықсыз атқарды. Қажетті ақпарат пен техникалық құрал-жабдықтар жеткілікті болды. Сондай-ақ миссия дауыс беру учаскелерінде ешқандай рұқсат етілмеген, заңсыз материалдарды байқамады. Мүгедектігі бар адамдар да өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыра алды. Миссия ақпараттың дұрыс таралуы референдумның сәтті өтуіне ықпал етті деген қорытындыға келді. Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы Қазақстан Республикасында референдумның ашық әрі транспарентті түрде өткеніне көз жеткізді. Барлығы халықаралық стандарттарға және елдің ұлттық заңнамасына сәйкес өткенін мәлімдейміз», – деді спикер.

Ortcom.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»