8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2019 1722 0
Мәслихат жаршысы

ӨТКЕН ЖЫЛДЫ САРАЛАП, АЛДАҒЫ ЖОСПАРДЫ НАҚТЫЛАДЫ

Бүгін қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында қалалық мәслихаттың  29-кезекті  сессиясы мен Орал қаласы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде қала әкімі М.Мұқаев, қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров, қалалық Қоғамдық кеңесі төрағасы Бақытжан Нұрбаев өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралады. 

Жиынға Орал қалалық мәслихатының депутаттары, қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, селолық округ және кенттердің әкімдері, қала әкімдігі бөлімдерінің және әкімшілік бюджеттік бағдарламалар басшылары, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Алдымен күн тәртібіне сай баяндама жасаған қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров мәслихат қызметінің басымдық бағыты – Орал қаласының аумағында Елбасы  тапсырмалары аясында жұмыстану, қоғамдағы сенімді, бірлікті және тұрақтылықты нығайту, қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Аққали Үмбетқалиұлының мәлімдеуінше, депутаттар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып, жұмысын абыроймен атқаруда.

– Жыл бойы жұмысымызда қала тұрғындарының мүдделерін қорғауға тырыстық, қалалықтардың тіршілік әрекетінің  қандай да бір мәселелері бойынша қоғамдық пікірді ескеріп, туындаған мәселелерге баса назар аудару арқылы атқарушы органдармен бірге оларды шешу жолдарын қарастырдық. Мәслихат депутаттары өздерінің сайлау округтерінде азаматтарды қабылдау арқылы халық пен биліктің жергілікті атқарушы органдары арасында кері байланыстың тиімді арналарын қамтамасыз етеді, – дейді қалалық мәслихат хатшысы.

Есепті кезеңде 9 мәслихат сессиясы өткен. Сессия барысында қала бюджетін нақтылаудан өзге, қала тұрғындарының өмір сапасына қатысты көптеген маңызды мәселелер қаралған. 2018 жылы қала бюджеті 27,1 млрд. теңгені құраса, жыл бойы республикалық, облыстық трансферттер есебінен 41,4 млрд. теңгеге өсті. Өсім 53 пайызды құраған. Мәслихатта төрт тұрақты комиссия жұмыс істейді. Есепті кезеңде тұрақты комиссиялардың 37 отырысы өтсе, оның сегізі көшпелі түрде өтті. Сондай-ақ ономастикалық мәселелер бойыншща 6 қоғамдық тыңдау болған. Аталған тұрақты комиссияларда 74 сауал қаралып, шешімдер қабылданған. «Жайық Таза Қала», «ОралТазаСервис», «Батыс Су Арнасы», «Жайықжылуқуаты» АҚ, «ҚазТрансГазАймақ» секілді коммуналдық мекемелердің жұмыс сапасын бақылау депутаттардың қырағы назарына алынды. Жыл ішінде халық қалаулылары әр түрлі қайырымдылық шараларына атсалысып, халықтың аз қамтылған тобына үнемі қолдау білдіріп келген. Бір жыл ішінде 93 депутаттық сауал жолданған. Олардың басым көбісі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына, құрылыс және көше жолдарын жөндеу, көшелер мен аулаларды абаттандыру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, білім және денсаулық салаларына бағытталған.

 

Бұдан соң жиынның күн тәртібіне сай қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев өткен жылы қоғамдық кеңес мүшелерінің атқарған жұмыстарын сараптады. Қоғамдық кеңес төрағасының  баяндауынша, кеңестің құрылғанына биыл үш жыл толады. Жақын күндері қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі аяқталады.  Кеңес құрамында 23 адам бар.

Есепті кезеңде Кеңестің 14 отырысы өтіп, қала тұрғындарының қоғамдық маңызды мәселелері талқыланған. Өткен жылдың мамыр айында қаладағы қоқыс шығару мәселесі талқыланып, нәтижесінде кеңес мүшелерінің шешімімен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бағасы 317 теңгеден 160 теңгеге төмендетілген. Қоғамдық кеңес мүшелері әр түрлі жобаларға, қайырымдылық айлықтарына белсенді атсалысып, ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларына көмек қолын созып келеді. Жиында қала әкімі Мұрат Мұқаев депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелеріне өткен жылы қалада атқарылған жағымды істерді тізбектеп, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ шаһар басшысы жиналғандарды қаланың өркендеуіне бірге үлес қосуға шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
15 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
119 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
341 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
828 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1206 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1119 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1565 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2180 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2347 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2353 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2405 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2407 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2036 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2888 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2941 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2937 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3548 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3519 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3506 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3484 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3645 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»