Әтір және басқа да иіссуларды қолдану оразаны бұза ма: Имам жауап берді
Әтір және басқа да иіссуларды қолдану оразаны бұза ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша бас имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай жауап береді, деп хабарлайды altaynews.kz. Оның сөзінше, әтір, иіссуларды пайдалану, олардың хош иісін иіскеу Ханафи мәзһабы бойынша оразаны бұзбайды және оразаға ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Сонымен қатар хош иісті өсімдіктер иісін, мысалы, раушангүл мен раушан майын иіскегенде ораза бұзылмайды. Сонымен қатар Ермек қажы Мұқатай душ қабылдау, шомылу немесе жүзу оразаны бұзбайтынын жеткізді. «Өйткені ораза ұстаған адамға суға түсуге тыйым салынбаған. Алайда суға түскен адам аузын шайған кезде су жұтып қоймауы қажет. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ораза ұстап жүрген кезде суға түсіп, ғұсыл алғаны туралы деректер бар», – деді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы.
KAZ.NUR.KZ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу