8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2020 1488 0
Қоғам

ТЕОЛОГ: «СИРИЯДАН ОРАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҢА ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІ ҚИЫН»

Бірнеше мәрте ұйымдастырылған «Жусан» операциясы арқылы террористік белсенді аймақтардан оралғандардың 116-сы батысқазақстандықтар. Олардың  90 пайыздан астамы Орал қаласында тұрып жатыр. Елге оралғандарды қоғамға бейімдеу жұмыстарының жүргізілуі туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәжілісінде сала мамандары айтты.

БҚО дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлының айтуынша,  Сириядан келгендердің үшеуі ер адам, отызы – әйел. 89 баланың 43-і мектеп жасындағылар.  Ересектермен аптасына бір рет теологиялық сабақтар жүргізілуде. Мектеп жасындағы балалардың оқу процесінде бірнеше жылдық үзіліс болуына байланысты облыстық білім басқармасы оқу бағдарламасынан тыс қосымша сабақтар өткізуде.

– Сирияға кетулеріне идеологиялық көзқарастары себеп болғанын атап өту керек. Сондықтан теологиялық сабақтарға басымдық беріліп отыр. Әскери соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта тұрғандықтан балаларда психологиялық теріс салдар байқалады. Осы орайда басқарманың психологтары және «Шанс» орталығының психолог мамандары жұмыстар жүргізуде. Әсіресе, балалардың қазақстандық қалыпқа бейімделуі қиын болуда. Мәселен, сәби кезде кеткен балалар қазір ой-санасы жетілген уақытта оралып отыр, енді бірі сол жақта өмірге келген. Оларға екі жақтағы өмірді салыстыру қиын. Сондықтан психологиялық жұмыстармен қатар бала көруі тиіс патриоттық, тәрбиелік шаралар, спорттық ойындар ұйымдастырылуда, – дейді Арман Нұрахметұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
101 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»