Темір тұлпалардың әзірлігі тексерілді
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Атырау, Орал, Ақтау және Жаңаөзен шаһарларында орналасқан әскери бөлімдерінде темір тұлпарлар мен бронетранспортерлер жыл сайынғы техникалық байқаудан сәтті өтті.
Жылдық қорытынды байқауды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, полковник Мұхатаев Виктор Асанұлы бастаған комиссия құрамы тексерді.
Іс-шара жыл сайын көлік құралдарының, арнайы және броньды машиналарының техникалық жай-күйі мен жарақтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, оларды пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ көлік жүргізушілерінің жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруін бақылау мақсатында өткізіледі. Байқау барысында жеке құрамды тасымалдауға арналған барлық көліктер мен броньды машиналар тексеруден өтті. Сонымен қатар, қару-жарақ қызметі мамандарының арнайы дайындық бойынша білімдері, жарғылар мен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді есепке алу, сақтау және консервациялау жөніндегі нұсқаулықтардың талаптары, лауазымы мен қызметтік міндеттеріне қарай бағаланды.
– Ұлттық ұлан бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі көп жағдайда техниканың жеке құрамды қажетті орынға дер кезінде жеткізе білуіне байланысты. Сондықтан жыл сайынғы техникалық байқаудың негізгі міндеттері техниканы жауынгерлік әзірлікте ұстау болып табылады, – дейді «Батыс өңірлік қолбасшылығының техника және қару-жарақ басқармасының автокөлік қызметінің бастығы, подполковник Мамай Ғұбашев.
Жылдық тексерістің қорытындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің әскери техникасы мен қару-жарағы «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға ие болды.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу