ТЕЛЕФОНЫ МЕН АҚШАСЫН ҰРЛАП КЕТКЕН
Орал қаласында түн ортасында әйел адамды тонап кеткен күдікті ұсталды

Оқиға 2 қаңтар күні болған. Түнгі сағат 1.30 шамасында «102» нөміріне әйел адам хабарласып, 8 март көшесі бойында белгісіз ер азаматтың құны 300 мың теңге тұратын ұялы телефонын және 8 мың теңге ақшасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.
Оқиға орнына барған Абай полиция бөлімінің жедел тергеу тобы құрамындағы жедел уәкілдер мен тергеушілер кісі тонаған тұлғаның ізіне, жүрген бағытына қарай аяқ басты. Көп кешікпей тәртіп сақшылары 1980 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Орал қаласының тұрғынын ұстады. Қалтасындағы «Самсунг» маркалы ұялы телефонды тәркіледі. Оқиға орнынан бейнетаспа алынды. Тәртіп сақшылары арыз жазған азаматшаға қою көк түсті, имей коды бар ұялы телефонын қайтарып берді.
Күдікті түн ішінде кісі тонағанын, әйел адамға қоқан лоққы көрсетіп құнды ұялы телефоны мен ақшасын күштеп тартып алғанын, ақшаны жеке басының қажетіне жаратқысы келгенін мойындап отыр.
Қазіргі күні Абай Пб тонау фактісімен тергеу амалдарын жүргізуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу