Театр деген бір тылсым…
Театр – көздің жасындай мөлдір нағыс хас сұлу өнер
Ғ. Мүсірепов
Әр елдің өзін өзгелерден ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы бар екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны бір төбе.
Ақжайық- өнер ордасы. Тұңғыш рет С.Мұханов атындағы қазақ сазды драма театры гастрольдік қойылымдары халық назарына ұсынылуда.Сәуір айының 26-жұлдызында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» қойылымы сахналанды. Аталмыш қойылымды тамашалауға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері, ұзақ жылдар білікті театр басшысы болған, мәдениет саласында көптеген қызмет жасаған Құжырғали Төлеуішев қонаққа шақырылды. Сонымен қатар, ағамыздың 75 жас мерейтойына орай қазақи салт-дәстүрімізді дәріптеп, иығына шапан жапты. Және де С.Мұханов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры
Біржан Нұрмаханұлы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Нұржан Қалижанұлына және барша театр ұжымына, Ақ Жайық жұртына өз алғысын білдірді.
Айтулы күні театр төрінде С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының пресс-конференциясы өтті.
Оған директоры Б.Жалғасбаев, көркемдік жетекші Д.Тойбазаров, театр әртістері Ә.Кәрімов, А.Разиев, Н.Асқаровтар қатысты. Конференция барысында театрдың шығармашылық жоспары таныстырылып, театр директорларының арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.
Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру

Пікір үстеу