8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2024 3701 0
Қоғам

Тасқынға тойтарыс береміз!

БҚО қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі Астана шағынауданы, 10 құрылыс мекенжайында гуманитарлық көмек көрсету штабын құрып, арнайы қабылдау пунктін ашты.


Бүгінге дейін қабылдау пунктінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 25 млн теңгені құрайды
. Осы қаражатқа «Ассамблея жастары» және ҚХА құрылымдары мен «Respublica» партиясы өкілдері ауыл тұрғындарына  азық-түлік пен санитарлық-гигиеналық тауар сатып алды.

 Сол секілді жеке кәсіпкерлер, өңір тұрғындары да үлес қосуда. Олар: Е.Хасанов,  Т.Чудобаев, А.Медхатұлы,  А.Даулетова, Р. Дарқожақызы, Азат Рашидов, Ерболат Кеңесов , Болат Сәрсенов, Наджаф Мирзага оглы,   Архат Тұрарбеков,  Шалқыма Құрманалина, Күләш Қуатқызы. Сондай-ақ, «Орал сүт зауыты», «ИнвестПроджект» ЖШС, «Respublica» партиясы БҚОФ, «Іскер әйелдер қоғамы», «Eleon» стомотологиялық клиникасы, «Белорус орталығы», «Sun City» құрылыс компаниясы,  «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» БҚО филиалы,  «Масис» ЭМБ, «Татар мәдени орталығы», «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі, «Кәсіпкерлік Басқармасы», «Faberlic»компаниясы және «Белес», «Желаев» нан өнімдері комбинаты, «ART STORY SERVIS» құрылыс компаниясы, «Бирлик» ЭМБ өз үлестерін қосты.«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы бір күндік жалақыларын ұсынды.

Облысымызда су тасқынымен күрес және апаттан құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.  

Әдемі КУНКАКОВА,
БҚО әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз бөлімінің маманы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
114 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
366 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»