ТАСҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТӘРТІПТІК ІС ТОҚТАТЫЛДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі аясында облыстық мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері мен Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Айнагүл Керейәулетініне қатысты қозғалған тәртіптік іс материалдары қаралды.

Алдымен, Кеңес отырысында облыстық прокуратураның ұсынуы негізінде Тасқала ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Керейәулеті тарапынан жер қатынастары саласында уәкілетті орган басшысы ретінде, шаруашылық субъектілеріне құқыққа сыйымсыз берілген жерлер бойынша келісімшарттарын тоқтату мәселелеріне қатысты болған сот отырысында, мемлекет мүддесін тиісінше деңгейде қорғамау мәселесіне қатысты тәртіптік іс материалы қаралды. Дегенмен, БҚО прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Ж.Иманғалиеваның хабарламасынан кейін Тасқала ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Айнагүл Тілегенқызының түсініктемесі тыңдалып, кеңес мүшелері А.Керейәулетінің іс әрекетінде бұзушылық белгілері анықталмауына байланысты көпшілік дауыспен тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.
Кеңес отырысында қаралған екінші мәселе – мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі аясында облыстық мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты Департамент тарапынан жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері. Аталған мәселені талқылау қорытындысы бойынша Кеңес тарапынан қызметтер көрсететін барлық облыстық мемлекеттік орган басшылары атына, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселесіне қатысты дәйекті шаралар алу жөнінде ұсыныс жолдау туралы шешім қабылданды.
Сондай ақ, осы Кеңес отырысында Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шәуенов пен Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайрат Төлегеновтың тәртіптік істерін қарау жоспарланған болатын. Алайда, екі басшы да денсаулығына байланысты кеңес отырысына қатысқан жоқ. Олардың олардың тәртіптік мәселелерін қарау Кеңес шешімімен келесі отырыста қаралмақ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу