8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Шілде 2022 1773 0
Ғылым

Тарихты тұлғалар жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек.
Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық, немқұрайдылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал бос сөзділік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн. ​​​​​​«Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Осы орайда, қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу, – деп атап өткен болатын. ​​​​
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінде аға, орта буын және өскелең ұрпақты біріктіретін тәрбиелік, танымдық маңызы зор шара оздырылды.
Шараның басты мақсаты – аға буын мен өскелең ұрпақ өкілдерінің арасындағы рухани, қоғамдық және шығармашылық байланыстарды дамыту, жастарға адалдық, адамгершілік пен жауапкершілікті насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.
​​​​​​​​«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», – деп Абай атамыз бекер айтпаса керек. Замандастарынан оза шауып, адал еңбекті жолдас етіп, биік мақсаттарға жете білген отандастарымыз ортамызда жүр. ​​​​​​​
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік ғылым академиясының Батыс Қазақстан филиалының жастар қанаты, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешені оқытушы-профессор құрамымен ұйымдастырылған кездесуге қоғам және мемлекет қайраткері, «Халықтар Достығы» орденінің иегері, «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы», дипломат, ел ағасы Нәжімеден Ықсанұлы Исқалиев​ қатынасты.​Шындық пен шынайылықты, адалдық пен ақиқатты тұғыр еткен турашыл тұлға, әрдайым халық пен мемлекеттің мүддесін биік ұстаған Абыз ағамыздың өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болары хақ. ​​​​​​​​​Киелі Астархань жерінен бала болып аттанып, өмірдің сан қыйлы соқпақтарынан өтіп, құтты мекен Ақжайыққа дана болып оралды. Айтуға оңай болғанмен, бұның артында зор еңбек, үздіксіз талпыныстар мен ізденістер жатыр. Қатардағы ұстаз, ауылшаруашылығының маманынан аудан, облыс, республика басшылығынан дейін​ көтерілді. ​​​​​Батыс Қазақстан, Көкшетау және Талдықорған облыстарының бірінші басшысы болып табысты еңбек етті. Кейін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Тәжікстан Республикасындағы және Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін аброймен атқарды.​
Нәжімеден Ықсанұлы алғашқылардың бірі болып, қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан дипломатиялық қызметтің басты негіздері мен жұмыс қағидаттарын қағаз жүзінен іске айналдырды. Жаңа үлгідегі отандық дипломатиялық өкілдіктердің шет елдердегі ашу жұмыстарын нәтижелі жүргізді, өз үлесін қосты. ​
Кездесу барысында ол бүгінде әлемнің 182 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанын, еліміздің маңызды халықаралық ұйымдарға мүше екендігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге тәуелсіз мемлекетіміздің дербес сыртқы
саясатын қалыптастыру мен іске асырудың 30 жылдық тарихына шолу жасады.
Жалпы дипломат оң нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етуі қажет. Ал халықаралық қатынастар саласында мұндай көрсеткіштер халықтар мен мемлекеттердің жақындасуы, қайшылықтарды реттеу, бітімге келтіру, жанжалдың алдын алу және оның шешімін таба білу т.б. құралады, – деп сөзін сабақтады.


Білім ордасының құрылтайшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімінің иегері», академик А.С.Айтимов өз кезегінде Н.Ы.Исқалиевтың егемендіктің алғашқы жылдарындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына, қоғамның ілгерлеуіне қосқан еңбегіне тоқталды, оң баға берді. Нәжімеден Ықсанұлының Кеңестер Одағының кезінде ең жас облыс басшысы болғанын халықтың бірі білсе, бірі біле бермейді.
Қоғам қайраткері, басшы, дипломатия жүйесінің ардагері, ауылшаруашылық саласының білікті маманы Нәжімеден Ықсанұлына Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен, «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының академиялық профессор ғылыми атағы берілді, арнайы диплом табыс етілді.
Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы А.М. Давлетжанов Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Атқару комитетінің 20 маусым 2022 жылғы номер 21 п.43 қаулысына сай, еңбек ардагері Н.Ы. Исқалиевты «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Айтуға оңай болғанмен, өмірдің сан қилы сынақтарынан өтіп, адал еңбекпен абыройға бөленген, бүгінде еңбек демалысындағы Абыз ағамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Шара барысында БҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Н.Аблазимовтың 23 маусым 2022 жылғы бұйрығына сәйкес, жастарға құқықтық білім мен тәрбие берудегі ұзақ жылғы табыстары үшін, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы, академик А.С.Айтимов және университет профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Т.Х.Рахметов «Қазақстан Полициясына 30 жыл» медалімен марапатталды.
Кездесу қонағы Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Д.Н.Жүсіпқалиев ақжайық жастарының атынан аға буынға өз ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
​​​Абай атамыз: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз …»,- дегендей, салтанаты іс-шара білім ордасының үздік түлектеріне диплом тапсыру рәсімімен жалғасты. Ағамыздың жақсылықтары, жетістіктері жастарға жұғысты болсын!

БАЯХОВ ӘЛІБИ НАУХАНҰЛЫ

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
99 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
156 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
394 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
876 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1254 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1152 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1613 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2229 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2401 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2452 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2457 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2067 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2936 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2990 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2984 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3597 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3565 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3556 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3532 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3692 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»