ТАЛАПТЫ ҰЛАНДАР – ЕЛ КЕЛЕШЕГІ
Бүгін Орал қаласында республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған «АҚЖАЙЫҚ ЖАС ДАРЫНЫ – 2018» облыстық форумы өтіп, жеңімпаздар мен олардың ұстаздарына құрмет көрсетілді. Марапаттау шарасына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

«Заманауи әлемде елдің қуаты алдымен, азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны» деген Мемлекет басшысының сөзі өмір бойы өзекті болып қала бермек. Өйткені ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адам баласын алға жетелейтін құдыретті күш – білім. Батысқазақстандық оқушылардың білім саласындағы бәсі биік. Биылғы жылы облысымыздың республикалық олипиададан математикалық бағытта – екінші, гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша үшінші орыннан көрінуі – соның нақты дәлелі. Ғылыми жобалардан, спорттан, өнерден де жеткіншектеріміз өңір намысын аспандатып келеді. Облысымызда алғаш рет ұйымдастырылған «Ақжайық жас дарыны» оқушылар форумында биылғы жылдың 62 жеңімпазы марапатталып, олардың жетекшілеріне құрмет көрсетілді.

–Елбасымыздың бастамасымен елімізде білімге, оқуға, спорт пен мәдениетке, өнерге толық жағдай жасалуда. Мектептер, жаңа спорт кешендері ашылып, мәдениет ошақтары бой көтеруде. Мемлекет басшысы «Адамға, оның білім алуына, мәдениетке қаржы салу – бұл мемлекеттің болашағына қаржы салу» деген болатын. 2017-2018 оқу жылында облысымызда жеті мектеп салынды. Білім ұяларына компьютерлер алынып, интернет байланысы орнатылды. Мұның барлығы елдің болашағы үшін. Оқушыларымыз білімді-білікті болса, еліміз алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан табылатыны сөзсіз. Ақ Жайық өңірі – білім саласы республикалық дәрежеде әрдайым алдыңғы орында. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша республикалық, халықаралық олимпиадада оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, бізді қуантты. Әрине бұл оқушыларымыздың аянбай ізденіп, оқығанының, ұстаздар мен ата-аналар еңбегінің жемісі. Жаһандану заманында бәсекелестік күшейіп келеді. Сондықтан оқудан жалықпау керек. Білім қуған балғындарымыз қай жерде, қай елде білім алуға ниеттенсе де жол ашық. Білім ошақтары жылдан жылға өз деңгейлерін көтеруде. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан білім саласын қолдау жалғасатын болады, – деген Алтай Сейдірұлы оқушыларды ағымдағы жылы жеткен жетістіктерімен құттықтады.
Салтанатты шарада форумның басты кейіпкерлеріне облыс әкімі атынан алғыс хат пен ұялы телефон, ұстаздарға теледидар, ноутбук сынды техникалық бұйымдар сыйға тартылды. Бір топ мектеп басшылары арнаулы алғыс хатқа ие болды.
Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары атынан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 оқушысы ХІХ республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Альмира Әлмембет, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы биология, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы Арман Мырзағалиев, республикалық IX оқушылар арасындағы жазғы спартакиаданың жеңімпазы Андрей Шалагин сөз алып, облыс басшысына, мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.

Форум аясында өткен «Болашақ» түлектерімен, әр түрлі салада табысқа жеткен тұлғалармен кездесу оқушыларды ынталандырып, қанаттандыра түсті. Білім қуған, зерек жеткіншектеріміздің Тәуелсіздік идеясына адал болатынына, Отанымыздың табысты эстафетасын жалғастыратынына сенім мол.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу