ТАЛ ТҮСТЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН
11 қаңтарда Орал қаласы Абай даңғылы бойындағы бір жер үйге белгісіз тұлға ұрлыққа түскен. Күдікті бір күннен соң полицейлердің қолына түсті.

Жер үйдің пластик терезелерін тапа-тал түсте ішке қарай итеріп ашу арқылы үйге кіріп, бөлмелердегі шкафтарды ақтарып, алтын бұйымдар мен ақша іздеген. Осылайша, 2 ер адамның, 4 әйел адамның алтын сақиналарын және 200 доллар ақша ұрлаған.
Үй иелері полицияға шағымданды. Оқиға орнына барған жедел уәкілдер төңіректегі бірнеше бейнебақылау камераларын және ірі нысандар маңайындағы камераларды қарау арқылы осы күні кеште күдіктінің бет-бейнесін анықтады. Үй иелеріне 1 миллион 600 мың теңге көлемінде шығын келгені есептелді. Әрі қарай жүрген ізін жіті зерделеген Абай полиция бөлімінің қырағы қызметкерлері 12 қаңтарда күдіктіні ұстап, бөлімге жеткізді.
1987 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, ұрлық фактілерімен бұған дейін де заң алдында жауапталған күдікті үйге ұрлыққа түскенін мойындады. Сақшылар күдіктінің қолынан алтын сақиналарды тәркіледі, ол алтын бұйымдар 1-2 күн ішінде иелеріне қайтарылады. Ал күдікті ақшаны өз қажетіне жаратып, жойып жіберген.
Абай полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөліміне сай қылмыстық іс қозғады. Жыл басталғалы Абай полиция бөліміне қарасты аймақта тіркелген алғашқы пәтер ұрлығы екен. Тергеу амалдары жүргізілуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу