8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2018 4444 0
Қоғам

ТАРЛАН ТАЛАНТҚА ТАҒЗЫМ

     Көрнекті ақын, екі мәрте «Еңбек қызыл ту»және «Құрмет» белгісі ордендерінің иегері, ақын Тайыр Жараковтың  110 жылдығы Ақ Жайық өңірінде өзіндік  мән-мағынасымен  атап өтілді. Дауылпаз ақынның рухына арналған  бұл кешке Жароковтың қос бірдей  тұяғы – Марат пен Бекет Тайырұлдары келді.  Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен шара ақынның  жырларын еске түсіріп, көрерменді сөз маржанына ұйытты.

«Солқылдата соғылсын, бес жылдықтың балғасы» деп өз дәуірін жырлап өткен дауылпаз ақынның  кешінде   «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен облыс басшылығы мен жерлестері атынан Тайыр ағаның ұрпақтарына қош келдіңіз айтты.

– Кеше ғана Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты ауқымды мақаласына  бүгін Ақ Жайықта өтіп жатқан  Тайыр Жароковтың 110 жылдығына арналған поэзия кеші де арқау бола  алады.  Бұл кеш Тайырдай ақынның біздің ұлы далада болғанын, санамызда жаңғыра беретінін еске түсіреді.  Батыс Қазақстан облысында бес милллионнан астам кітап қоры болса, оның теңжартысы оқырманға тегін таратылып отыр. Мұның өзінен де «Рухани жаңғыруға» қосылып жатқан үлесті көреміз. Тарихты ұмытпай, жастарға жеткізу, ұғындыру – біздің басты мақсатымыз. Ақ Жайық өңіріндегі  қаламгерлердің алдыңғы толқынында Тайыр Жароков тұр. Жалпы қазақ поэзиясына біздің киелі өлкеден Тайыр, Жұбан, Қадыр мен Қайрат ағаларымыз, Ақұштап апамыз секілді бір топ аға-ұрпақ   үлес қосты. Биыл ақынның 110 жылдығы облысымызда  кеңінен  атап өтілді. Туған жері Жәнібек ауданында ауқымды  шаралар болды. Бүгінгі жастар ұрпақтар сабақтастығын Тайырдай  ақындарымен бірге жалғастыра бермек. Осы поэзия кеші Тайыр ақынның Мәңгілік елімен бірге жасайтынына  дәлел, – деді Серік Кенжебекұлы.

Көрермен қауым Тайыр Жароковтың құнарлы Құм-Нарынына, Жетібай мен Бисен ауылдарына, ел мен жерге арнаған патриоттық  поэмаларын  қайтадан еске түсіріп, өткенді санаңда сайратар бейнебаянның куәсі болды. Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың қасында жүрген, батасын алған, өлең оқығанда даусы да ерекше ақын жайлы естеліктерді тыңдады. Көзі тірісінде таспаға жазылып алынған отты өлеңдері ақынның өз дауысымен құлағымызға жетті.

Сахна  төріне зор құрметпен көтерілген қадірлі  меймандарымыз – Марат пен Бекет  Тайырұлдары сөз алып, әкелерінің  рухын ұмытпай, құрметтеген Ақ Жайық еліне, жерлестеріне зор ризашылығын білдірді. Тайыр Жароковты студент кезінде көрген, Сағынғали Сейітов ағаның отбасымен дос болған, өз дәуірінің орманы мен суын, тау-тасын алдымен жырлаған ақын туралы Мемлекеттік сыйлықтың иегері  Ақұштап Бақтыгереева өте жақсы айтты.

Әні мен сазы, жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол кеште Тайыр Жароковтың асқақ жырларын туған еліндегі  қаламгер ізбасарлары  Ғ.Сейтақ,  Д.Мұштанова, М.Балмолда, Т.Таймасұлы, Қ.Мәдір, Қ.Амандықовтар оқыды. Сол секілді өлкедегі өнерпаздар Н.Жұбатова, Ә.Мәмбетова, Д.Омаров, М.Жұбатовтар көрнекті қаламгердің «Жамбылға», «Қалам шеберіне», «Жылдар», «Ажал мен өмір» атты өлеңдерін жеткізді. Т.Жароков пен М.Ержановтың ортақ  шығармаларынан туған «Сайра, бұлбұл» әнін танымал әнші К.Қуанышқалиева домбырамен күмбірлетті. Тайыр аға  Балуан Шолақтың «Ғалиясын» сүйіп тыңдайды екен. Бұл әнді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Қ.Бердіғалиев шарықтата  шырқады.

Осылайша жүректен-жүрекке жеткен жырлар мен әндер көрерменнің ойына 110 жыл өтсе де  өшпестей  сөз өнерін қалдырған қазақтың тағы бір айтулы ақыны, біздің мақтан тұтар тұлғамыз  Тайыр Жароковты еске қайта түсірді. Облыстық  халық шығармашылығы  орталығы  ұйымдастырған «Тарлан талант» атты бұл кештен көрермен қауым  поэзияның зеңгір көк аспанында қазақтың Жароковтай асқақ ақынының өмірі кешегі күнде болғанымен, өлеңдері  бізбен бірге жасай беретінін ұқты.

Марат ТАЙЫРҰЛЫ:

  • Әкем бізді бала күнімізден  осы елге, Орал қаласына сәті түскенде ертіп  келетін.   Үйде ылғи да Орда мен Жәнібек аудандары жайлы, Құм-Нарыны жайлы естеліктер айтып отыратын. Әкемнің туған өлкесіне, Жайыққа арнаған  жырлары өте көп. Кезінде әкемді мүйізі қарағайдай қаламгерлер, академиктер де мойындады. Сондықтан ол кісіні жыр алыбы Жамбыл атаның қасына хатшысы етіп қызметке  қойды. Бәкір Тәжібаев ағамыз да Тайыр Жарокұлына зор баға берді.  Жүрген  жерінде  «Оралдың  жері  жап-жазық. Бір жағында Құм-Нарын. Бір жағында Ақ Жайық» деп өлеңдететін. Қарымды қаламымен әкемізді еске алып, рухын көтеріп жатқан ел-жұртына, батысқазақстандықтарға амандық  пен  денсаулық, ашық аспан  тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Қазақ елі жасай берсін!

 

Бекет ТАЙЫРҰЛЫ:

  • 1958 жыл есімнен әлі күнге дейін кетпейді. Әкем елу жасқа толып, Ақ Жайыққа алғаш рет келдім. Кейін анамызға ілесіп, отбасы мүшелері түгелдей Орда мен Жәнібекке барып тұрдық. Әкеміздің 90 жылдығы да осы Оралда атап өтілді. Егер Тайыр Жарокұлы тума талант болмаса, соңына құнды поэмалар қалдырмаса, кім біледі, ұмытылып қалуы да мүмкін ғой. Ал қазір заман басқа. Оқырман басқа. Соған қарамастан, бүгін әкеміздің 110 жылдығына арналған әдеби-сазды шарадан жақсы әсер алдым.

Әкеміз киелі Орда топырағында дүниеге келді. Орынбордағы  халық  ағарту  институтын тәмәмдады. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық  институтын  бітірді.   1931-1935 жылдарда Ленинградтағы тарих, философия және әдебиет институтының әлемдік танымын  бойына сіңірді. 40 жыл бойы поэзия саласында өнерін ұштап, жетілдірді.  Өте кітапқұмар болатын.  Аталарымыз Майтақан би мен Жарок та сөзге шешен, суырыпсалма болған екен. Әкеме сөз өнері осы аталарымыздың қанымен берілген.

Тарих алға жылжи береді. Жақсы адамдар ел есінде ұмытылмай, жаңғыра береді. Бүгін Батыс Қазақстан облысында әкеміздің  аруағын ұлықтап, еске алғандарыңыз  үшін көп рахмет айтамын. Тағы да он жылды артқа тастап, кездесейік. Аман болайық.

 

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА,  ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері:

  • Тайыр Жароковты студент кезімде көрдім. Ол кезде бұл кісілермен бірге жүретіндей дәрежеде емеспін. Бірақ та досқа, Отанға, ұлтқа деген адалдығына тәнті  едім. Сағынғали ағаның үй-ішімен  мидай араласып тұрғанын білемін. Өлең оқығандағы өз даусын тыңдадым. Кез келген өлеңінде даусымен берілетін патриоттық, елін сүйетін жалын байқалып тұратын. Содан шығар, дауылпаз ақын атанғаны.

Талант – уақытты таңдап туа алмайды. Өзі тудырған сол уақытқа бағынады.  Кеңестер үкіметі тұсында  жүрегіміз – Москва, Отанымыз – Москва деп жырлады бүкіл ақын біткен. Сол кезде Тайырды қазақтың Маяковскиі деп атады. Маяковский – Тайыр Жароков деп жазып жүрді. Оған ақын кінәлі емес еді. Тайыр ақынның бір ерекшелігі сол кезде саясатта қандай өзгеріс болып жатыр, орман мен егіс алқаптары қандай күйде, соның бәрін ертесіне өлеңмен суреттеп, бірінші болып газеттерге шығаратын.  Отанды, елді сүйетін  жалыны  болмаса,  досқа деген кіршіксіз көңілі  болмаса  ақынды жұрты баяғыда ұмытады. Ал Тайыр – ұрпақтан-ұрпаққа аты жеткен бақытты ақын. Алматыда  халық ең көп жүретін көше – Тайыр Жароковтың көшесі. Елінде көп ақындардан бұрын тұрғызылған, ең биік тұрған Тайыр Жароковтың ескерткіші. Орал қаласына да осындай бір ескерткіш керек деп ойлаймын. Той құтты болсын. Тайырдай таланттарды тудырған Нарынның топырағы Тайыр секілді таланттарды әкелсін, әумин.

 

                                                                                                   Дайындаған М.Хамзақызы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
96 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
314 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
800 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1176 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1098 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1537 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2152 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2319 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2326 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2376 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2379 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2015 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2861 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2914 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2911 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3519 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3490 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3478 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3457 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3618 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3664 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»