8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2023 1294 0
Оқиға

Алаяқтың жолын кесті

Оралдық полицейлер аңғал қарияны алаяқтың арбауынан құтқарды. Сақшылардың айтуынша, белгісіз азамат зейнеткердің жақын туысы жол апатына түскенін телефонмен хабарлапты.

Оның кінәлі екенін айтып, жазадан құтқару үшін қомақты қаржы сұрайды. Бірақ сақшылар қарияның 2 миллион 300 мың теңгесін әкетуге келген курьерді дер кезінде қолға түсіріпті. Ал олжасынан оңай айрылғысы келмеген телефон алаяғы өзінің ішкі істер министрлігінен екенін дәлелдемек болған. Полиция дерегінше, осылай алданған 14 қария бір айдың ішінде 11 миллион теңгесінен айрылыпты. Бәрі де жалғызілікті жандар. Ал ақша тасушылардың көбі таксист екені анықталды. Айыбы дәлелденсе, олардың жеті жылға сотталуы мүмкін.

БҚО ПД крименалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисеновтың айтуынша, өзгелердің телефон қоңырауына сенбеу қажет
– Көбі телеграмнан «ищу работу» деп таптым дейді. Онда ұйымдастырушылар бір жерге барасың немесе бір нәрсені аласың да, счетқа салып жібересің деп жұмсайды. Тағы да бір курьер айтады: «Мен «Яндекс Таксиде» доставка болдым» дейді. Бұлар бергі жақтағы “шабармандар”. Ал ертең біз олармен жұмыстанғанда нағыз қылмыскер ретінде жауапкершілікке тартылады. Олар біз ешкімді алдап жатқан жоқпыз ғой деп ойлайтын шығар. Бірақ олар қылмысқа қатысы бар алаяқтар, – деді БҚО ПД крименалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов. Полиция 6 оралдықтың алаяқтарға көмектескенін анықтапты. Енді олар жауапқа тартылады. Ал бұл істі ұйымдастырушылар – еліміздің басқа өңірінен немесе шетелдіктер. Қазір арнайы құрылған кибертоп оларды іздестіріп жатыр.

Айнара ИСА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»