ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ
Орал қаласындағы 5517-әскери бөлімде бұдан 26 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті, деп хабарлады «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы подполковник Ерболат Сұлтанов.
Бұл шараға Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының және 5517 әскери бөлімінің басшылығы мен Батыс Қазақстан облыстық тәжік-ауған соғысы ардагерлер одағы қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.
Еске алу шарасын өткізудегі мақсат – кейінгі толқын жас буын өкілдерін әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу. «Ерлік ешқашан ұмыт қалмайды» деген қанатты сөзге негізделе отырып ұйымдастырылған шарада «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары,штаб бастығы – полковник Қайрат Үмбетов сөз сөйлеп, Отан тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін күзетіп жүрген ұландық жауынгерлердің рухын оятуда мұндай іс-шаралар зор маңызға ие екенін айтты.
Сондай-ақ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының тәрбие және әлеуметтіқ—құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Алазов шейіт болған 17 жауынгерді еске алып, олардың қайтпас қайсарлығымен, өшпес ерлігін баян етті.
-Осы күн ұлттық ұлан тарихында қайғылы күн болып мәңгілік есте қалды. Құрама рота жауынгерлері тәжік-ауған шекарасын қырағылықпен күзетті. Қаза болған жауынгерлер біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау үшін өз өмірлерін пида етті. Олар біздер мен сіздердің тыныштығымызды және бейбіт өмірімізді қорғады, – деді подполковник Б.Алазов.
–Ең үлкен шайқас 1995 жылдың 7 сәуірінде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында болды. Сол жерде 17 қандасымыз көз жұмды, 33 жауынгер жарақат алды. Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыста қаза болған ерлердің арасында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында туып-өскен сержант Радик Қаймулдиев болды. Радик көз жұмғаннан кейін екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Оның атында қазіргі кезде Шыңғырлау ауылында көше бар. Сондай-ақ 2011 жылы осынау 5517-әскери бөлім аумағында 17 қазақстандық жауынгердің құрметіне ескерткіш орнатылды, – деді Батыс Қазақстан облыстық тәжік-ауған соғысы ардагерлер одағы филиалының төрағасы Дәрбек Сүлейменов.
Сонымен қатар жиын барысында Ұлттық ұланның Басқолбасшылығы мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығының арнайы бұйрығы негізінде бірқатар тәжік-ауған соғысы ардагерлері марапатталды.
Шара барысында Тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескертікішке гүл шоқтары қойылды.
Айта кетейік, 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында 7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Қарсыластың басымдық күшімен болған төрт сағатқа созылған тең емес ұрыс барысында жауынгерлер өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындап, Әскери антқа адал болды. Бұл шайқаста, яғни 1995 жылдың 7 сәуірінде 17 жауынгер ерлікпен қаза тапты, 30-дан астамы жараланған еді. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес 1993-1999 жылдар аралығында бұрынғы Ішкі әскердің, бүгінгі Ұлттық ұландық жедел мақсаттағы әскери бөлімдерінің 2 мыңнан аса офицері мен сарбазы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірлескен батальонында ТМД сыртқы шекараларын қорғау үшін тәжік-ауған шебінде бітімгершілік міндеттерін атқарған болатын.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру

Пікір үстеу