ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ОРАЛ ШАҺАРЫНДА 4 АУРУХАНА ЖӘНЕ 2 ЕМХАНА САЛЫНДЫ
Бұл туралы бүгін, 30 қараша күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған «Тәуелсіздік жылдарындағы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбындағы брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков баяндады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңірде ашылған медициналық нысандардың бірі облыстық диагностикалық орталық. 1994 жылы ашылған нысан бүгінде қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен қамтылған. Жыл сайын бұл жерден 30 мыңнан астам адам тексеруден өте алады.
Облыстық клиникалық ауруханада офтальмологиялық бөлімше 2009 ашылды. Бұл бөлімше Қазақстан мен Ресейдің біріккен жобасы негізінде өмірге келді. Ал бір жылдан кейін Орал қаласының Зашаған кентінде 200 орындық жаңа үлгідегі көпбейінді балалар ауруханасы пайдалануға берілді.
– Көпбейінді балалар ауруханасы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынды. Аталған бағдарлама аясында №5 емхананың ашылу салтанатына өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына Орал қаласында 150 кереуеттік жаңа онкологиялық диспансері ашылса, облыстық кардиологиялық орталығында Батыс Қазақстан облысының тарихында алғаш рет жүрекке ота жасалды. Осыдан 5 жыл бұрын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 300 төсектік қалалық көпбейінді аурухана пайдалануға берілді, – деді қала басшысы.
Ауруханада нейро-инсульт орталығы, жалпытерапиялық, травматологиялық, гинекологиялық, әйелдер босанатын және басқа бөлімшелер жұмыс жасайды. Барлық заманауи керек-жарақтармен қамтылған ауруханада 140-тан астам дәрігер, 300-дей орта буын маманы еңбек етеді.
2014 жылы №6 қалалық емхана пайдалануға берілсе, өткен жылы 200 орындық жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды.
Сонымен қатар қала әкімі Тәуелсіздік жылдарында мәдениет пен спорт саласындағы табыстарға тоқталды. 1991 жылдан бастап Оралда 5 мәдениет және өнер орталығы пайдалануға берілген. 85 мемлекеттік және 54 жеке спорт нысаны ашылды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру

Пікір үстеу