«ТӘУЕКЕЛГЕ БАРМАҢЫЗДАР». Қазақстандықтарға коменданттық сағатты бұзу салдары ескертілді
Төтенше жағдай режимі кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ерекше өкілеттіктер берілген. Полицейлер мен әскерилер жаяу жүргіншілерді де, көліктерді де тоқтатып, құжаттарын тексеруге толық құқығы бар.
Егер құжаттары болмаса, құқық қорғау органдары азаматты, жеке басын анықтағанға дейін ұстай алады. Сондай-ақ, полиция ұсталғандарды, оның заттары мен көлігін тексеруге құқылы.
Телеарна мәліметінше, мұның бәрі «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңында жазылған. Төтенше жағдай жарияланған жерде тәртіпбұзушыға 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал төтенше жағдай кезінде билік өкіліне қатысты зорлық әрекеттер қолданылған болса, ол азамат 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат. Бұл – ешкім үйінен шығып, жолдарда жүруіне болмайы дегенді білдіреді. Бұл уақытта қала қарулы күштер, әскер, күш құрылымдары билігіне беріледі. Азаматтарға айтарым: тәуекелге бармаңыздар! Егер көлікте отырып, шығатын болсаңыз, олар атуы мүмкін. Және ол заң тұрғысында дұрыс болады», – деп ескертті заңгер.
Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңінде (2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында) азаматтардың көшеде жүруіне тыйым салынған коменданттық сағат енгізілген болатын. Бірқатар өңірде ол 23:00-ден 7:00-ге дейін белгіленген.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tauekelge-barmanyizdar-kazakstandyiktarga-komendanttyik-331968/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу