8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қараша 2019 1544 0
Қоғам

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҚЫСҚА ДАЙЫН

           Бүгін Тұңғыш Президент алаңында «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың екінші кезеңі өтті.  Шараға қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев қатысып, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезінде тартылатын қару-жарақ пен жабдықтардың дайындығын тексерді.

Бұл күні өртті сөндіру және жою, зардап шеккендерді эвакуациялау, іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағында медициналық және психологиялық көмек көрсету іс-қимылдары пысықталды.  – Оқу-жаттығу шараларының басты мақсаты – біздің күштік құрылымдардың дайындықтарын жан-жақты сынау және олардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігін қадағалау. Сонымен қатар, әскери техникалардың күш-қуатын тексере отырып, кез-келген орында болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға дайын болу. Ағымдағы жылдың тамыз айында облыстағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында қысқа әзірлік жұмыстары пысықталды. Осы орайда облыс көлемінде  125 тексеріс шарасы өтті. Қазіргі таңда жоспарға сай құтқару күштері мен азаматтық қорғау құрылымдарының қыс маусымына дайындығы қаралуда. Тек оқу жаттығу жұмыстары ғана емес,өңіріміздегі барлық құрылымдарды тексерістен өткіздік. Республикалық және жергілікті жолдардағы ұзындығы 509 шақырымды құрайтын 208 учаскеге мобильді топтар қойылды. Қысқа дайындық ойдағыдай. Жанар-жағармай жеткілікті, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы генерал-майор Жасұлан Қыдырғожаұлы.

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» бөлімінің бастығы Төлеген Абдушевтың айтуынша, бұл күні облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларындағы басқармасының «112» кезекші телефонына қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі 10-шағын аудан ауданында 5-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында өрт шығып, кіреберісі қирағаны туралы ақпарат келіп түскен. Тұрғындар түтін мен оттың арасында қалып көмек сұрайды, олардың арасында түрлі жарақаттар мен күйік алған зардап шеккендер бар. Төтенше жағдай орнына №2 өрт сөндіру бөлімі, Жедел-құтқару жасағы, медициналық қызмет бөлімшелері дереу жеткен. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге ғимараттың ішіне кіріп, зардап шеккендерді құтқарып, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Сонымен қатар, баллонның жарылысы кезінде темір бетонды жабынның бөлігі жерге құлап, астында адамдар қалған. Кинологиялық есеп топтары шартты зардап шегушіні іздеді.

Қабылданған шаралар барысында барлық арнайы қызметтердің күшімен төтенше жағдай жойылды, зардап шеккен жұмысшылар құтқарылды, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.  «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша қойылған міндеттер толықтай орындалды. Мұндай оқу-жаттығулар жоспарлы негізде жыл сайын өткізіледі.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»