ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАБЫН БҰЗҒАНДАР ӘКІМШІЛІК ҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ
Коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында еліміз бойынша енгізілген төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін бірнеше батысқазақстандық құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңақала аудандық сотында азамат Т.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған. Іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айының 21-і күні сағат 16.30 шамасында анықталғандай Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында орналасқан жеке кәсіпкер Т.-ның мейрамханасында келушілердің саны 50-ден астам адамның қатысуымен шара ұйымдастырылған. Осылайша, ол төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты мемлекет орган белгілеген режимді бұзған.
Сот отырысы барысында жауапқа тартылушы Т. кінәсін мойындады және аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі басқа да іс құжаттарымен дәлелін тапты.
Сот қаулысымен мейрамхана иесі Т. ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.
Жалпы, бүгінше дейін Батыс Қазақстан облысы соттары арқылы 11 тұлға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде 8 тұлғаға қамаққа алу жазасы белгіленді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу