8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2020 1364 0
Өзек

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАБЫН БҰЗҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ 373 ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Орал қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері төтенше  жағдай кезеңінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтың 476-бабы 6-тармағын бұзғандарға  қатысты 373 әкімшілік хаттама толтырды. Бүгінгі күнге  олардың 191-і мамандандырылған әкімшілік сотында  қаралды.

Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сот шешімімен 65 нысан иесі мен жеке тұлғаға 10 АЕК көлемінде  әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 1 632 001 теңгені құрап отыр. тоғыз нысанның иесіне әкімшілік  жауапкершілік туралы ескерту беру жөнінде шешім қабылданған.  5  әкімшілік өндіріс тоқтатылды.

112 әкімшілік іс бойынша 1 күннен 15 тәулікке дейін қамаққа алу туралы үкім шығарылған. Қалған 182 материал мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып отыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
141 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
384 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»