ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ. ҮКІМЕТ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН АЛМАЙДЫ
Бизнесмендер онлайн меммүлік порталы арқылы жалдау ақысын алуды тоқтата тұру туралы өтініштерін бере алады. Ешқайда барудың қажеті жоқ.

Республикалық және коммуналдық меншік алаңдарын пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 90 күн ішінде алынбайды. Бұл үшін бизнес қосымша келісім жасауы керек. Ол үшін ЭЦҚ көмегімен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қол қоюы жеткілікті.
23 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ төтенше жағдай бойынша мемкомиссияның отырысы кезінде 20 наурыздан бастап шағын және орта бизнесті жалдау ақысынан босатуды тапсырды. Тапсырма үкіметке, жергілікті жерлерде атқарушы органдарға, яғни әкімдіктер мен квазимемлекеттік компанияларға жіберілді. Бұл Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдау шараларының бірі деп атауға болады.
Бүгінгі күні елімізде мемтізілім порталының әзірлеушісі және ұстаушысы болып табылатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (АЕО) деректері бойынша барлығы қолданыста 8 154 жалға беру шарттары тізімде. Олар бойынша ай сайынғы жалпы ақысы 432 млн. теңгеге жуық құрайды. Яғни, бизнес үш айда шамамен 1,3 млрд. теңгені төлеуден босатылады.
АЕО-ы өтінішті қалыптастырған соң, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоюы үш күндік мерзімнен аспауы екендігін ескертеді, әйтпесе қосымша келісім жойылады және жалға алушының өтінішті қайтадан беруі талап етіледі. Жалдау ақысын тоқтату туралы электрондық өтініштерді қабылдау осы апта ішінде басталады. Бұл үшін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары өзгерістерді www.gosreestr.kz порталдың функционалына енгізіп жатыр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу