Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум бойынша түсіндіру-ақпараттық жұмыстарын жүргізетін топ құрылды. Топтың төрағасы – университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Ұзақбайұлы Сұлтанов. Топтың мүшелері – орталық директорлары және оқытушылар.
Бүгін аталмыш топтың төрағасы, проректор А.Сұлтанов білім ордасының ұжымымен дөңгелек үстел өткізді. Шараға Орал қалалық штабынан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Тауфихұлы Әнесов қатысты. Жиында республикалық референдумның өткізілу барысы, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар берілді.
Версия для печати
Пікір үстеу