ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНАН МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ
Көгілдір көктеммен жарыса жеткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жыл сайын БҚО ПД мен Орал қ.ПБ басшылары қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған полиция қызметкерлерінің жұбайларын салтанатты түрде құттықтайды.
Осы игілікті дәстүр бойынша бүгін, 6 наурызда Орал қ.ПБ бастығы полиция подполковнигі Мерлан Айкенов, Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуанышқали Меңдіғұлов қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан Кенжеғалиев Рустам Мақсотұлының шаңырағына барып, жұбайы Кенжеғалиева Светлана Амангелдіқызын 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Светлана Аманкелдіқызына әдемі гүл шоқтарын, мерекелік сыйлықтар және тәттілер сыйлады. Басқарма басшылары қызмет бабын адал, мінсіз атқару барысында қаза болған тәртіп сақшыларының ерлік істері жас буынға, еліміздің ертеңгі болашағы – жас мамандарға әркез үлгі болатынын айтып, отбасыларына амандық тілеп, жер жаһандағы барлық игі жақсылықтарға, жылылықа толы сөз маржандарын арнады. Гүл көктемде құшақтарыңыз гүлге, жүздеріңіз нұрға, отбасы бала-шағаның шатты күлкісіне толсын деп тілейміз.
Версия для печати
Пікір үстеу