8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2025 944 0
Өзек

Төрт панельдік сессия – төрт түрлі мәселе

11 қарашада «Жайық арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы колледжері мен кәсіпорындарының ынтымақтастық көрмесі сап түзеді. Бұған қоса «Атамекен» өнер ордасында іскерлік байланыс биржасы мен төрт панельдік сессия ұйымдастырылды. Іскерлік байланыс биржасын ұйымдастыру барысында «РЭЦ» АҚ, «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту корпорациясы» АҚ, Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «QazTrade» АҚ үлкен қолдау көрсетті. Биржада ресейлік және қазақстандық компаниялар тікелей келіссөздер жүргізді.
Қазақстан-Ресей XXІ Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өткен алғашқы панельдік сессияда цифрлық экономика мен жасанды интеллект, сондай-ақ, технологиялық серпіліске қажетті кадрларды даярлау мәселелері қарастырылды.
«Энергетика және өнеркәсіп: жаңа экономикаға қажетті жаңа құзыреттер» атты екінші сессияда атомдық, дәстүрлі және «жасыл» энергетика, сондай-ақ, жаңа буын өнеркәсібіне қажетті кадрларды даярлау тб тақырыптар талқыланса, «Көлік және логистика – жұмысша кадрлар транзиттік экономиканы дамытатын қозғаушы күш» тақырыбындағы үшінші сессияда Қазақстан мен Ресейдің көлік және логистика саласына мамандар даярлау тақырыбы қарастырылды.
«Агроөнеркәсіптік кешен – азық-түлік қауіпсіздігіне қажетті кадрлар мен технологиялар» тақырыбында өткен төртінші панельдік сессия аграрлық сектор мамандарын даярлау тақырыбына арналды. Спикерлер қатарында мемлекеттік органдар, аграрлық университеттер, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері болды.
Жалғасы «Жайық үнінің» осы аптадағы нөмерінде.
Дайындаған Д. Сағынбаева.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»