Төрт мың абонент жарықсыз қалды
Оралда екі күн қатарынан күшті жел тұрып, нөсер жауып, салдарынан электр станциясында апат болып, 4 мыңдай абонент жарықсыз қалды.
Электр желілеріндегі апатты жойып, қалпына келтіру үшін 10 бригада жұмыс істеп жатыр. Жарық болмаған соң ауызсу да уақытылы берілмей тұрғындардың дегбірі қашуда.
Қосалқы подстанциядағы апаттың салдарынан «Керуен» базары және №31 мектеп аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің 2 423 абоненті жарықсыз қалды.
Сондай-ақ №4 шағынауданында осындай себеппен 643 абонент, «Айгүл» ауданында 1 316 абонент жарықсыз отыр. Аумақта қолайсыз ауа райы әлі де сақталып отыр. Ал өңірдің электер желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен.
Айнара ИСА
Версия для печати