8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қыркүйек 2019 1645 0
Өзек

ТӨРТ БАЛАНЫҢ АНАСЫ СОТТАЛДЫ

Бәйтеректік 4 баланың анасы азаматтық некедегі жолдасын 24 жерден жерден пышақтап өлтірді.   Ол енді осы әрекеті үшін 10 жыл бас бостандығынан айрылды. БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына  жолданған іс алты айға жуық қаралып, үкім шығарылды.

Оқиға үстіміздегі жылдың 10 сәуірі күні Бәйтерек ауданы «Железново» ауылында  кешқұрым болған. Істің мән-жайына  тоқталар болсақ, Башарова мен оның  азаматтық некедегі жұбайы Евгений Скипин 2019 жылдың 9 сәуірі күні ішімдік ішеді. Олардың бұл әрекеті ертесіне дейін жалғасып, 10 күні  жұптар арасында жанжал туындайды.  Дау-дамайдың ақырында Башарова Скипинді 24 мәрте пышақтап өлтіріп, марқұмның денесін үй ішіндегі жертөлеге жасырады.

Арада тәулік өтіп, Евгениймен хабарласа алмаған туыстары учаскелік инспекторларға шағымданады.  Өз кінәсін мойнына алғысы келмеген Башарова бастапқыда жалған сөйлеп, жағдайды бұрмалауға тырысады. Дегенмен, полицейлердің күдігіне іліккен әйел өз ісін мойнындайды.

Сот төрешісі Бақыт Ермахановтың мәлімдеуінше қылмыс болған күні мектеп жасындағы қызын сабаққа жібермеген. Жағдайды білмек болған мұғалімдер оның үстінен қан іздерін байқаған. Қылмыстың ашылуына осы жағдай да себеп болған.

– 35 жасар Евгения Башарова ҚР ҚК 99-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өз мерзімін ол  орташа қауіпсіз қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады, –  деді төреші Ермаханов.

Кісі қанын мойнына жүктеген айыптының 4 баласы бар. 3 баласы алдыңғы некедегі азаматтың,  ал кенжесі Скипин екеуінің ортақ ұрпағы саналады.  Алдыңғы екі бала әкелерінің қолында тәрбиеленуде. Ал 3-ші және  8 айлық сәби бүгінде  Бәйтерек аудандық балалар бейімдеу орталығында уақытша паналуда. Олардың тағдырларын қазір құзырлы мекеме мамандары қарауда.

Ал қылмысқа жауапты әйел өзімді қорғамақ болдым деп, ақталып әлек. Ал бақилық болған 31 жасар азаматтың тума-туыстары Башароваға тағайындалған жаза мерзімі аз деген ойда. Сондай-ақ  Башарова жазасын өтеу барасында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.

Сот үкімі әлі заңды  күшіне енген жоқ.

 Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
95 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»