«ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТЕДІ
9-12 ақпан аралығында Орал қаласында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

Мақсат – Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын және рецидивті қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, Орал қаласында қылмыстың алдын алу және жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық қызметін күшейтіп, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
– Іс-шараның негізгі міндеттері – ішкі істер органы тарапынан профилактикалық есепке алуға жататын адамдарды анықтап, есепке алу, спирттік ішімдіктерге, есірткі және психотроптық заттарға әуес адамдар отбасы-тұрмыс саласында құқық бұзушылықтар жасайтындар, тұрмысы төмен отбасылар, бұрын сотталғандар, шартты сотталғандармен жұмыстану. Сондай-ақ ішкі істер органында есепте тұрған маскүнемдер, нашақорлар, отбасы бұзақылары, шартты сотталғандар, бұрын сотталғандар тексеріледі. Олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығып, ішкі істер органының есебіне тұрмай жүрген адамдарды анықталып, есепке алу, олардың өмір салтына бақылау жасауды қамтамасыз ету, есепте тұрғандардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу, – осы шараның басты міндеттерінің бірі деді басқарманың баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.
Айта кетейік, отбасылық-тұрмыстық мәселеге байланысты ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 119 әкімшілік хаттама толтырылып, соның ішінде 65- і соттан өткізілді. 111 тұлғаға қорғау нұсқамасы қойылды. 10 тұлғаға сотпен ерекше талап қойылды. 12 өнегесі төмен отбасыОрал қаласы Полиция басқармасының есебіне алынды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу