Түрмеде Орал азаматын алдаған

Колонияда жазасын өтеп жүріп, Орал тұрғынын алдаған азамат анықталды. Белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматтың WhatsApp желісіне қызы басқа нөмірден хат жазып жатқандығы жайлы және лимиттік карталарда қарыздары барын хабарлаған. Осылайша ол жәбірленушінің банктік картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденіп алған.
БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қазіргі уақытта алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді азаматты әшкереледі. Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Күдікті мойындау көрсетпелерін беріп, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚАЖД қазір тыйым салынған заттарды өткізу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар мекемелер ішіндегі ұялы телефондарды тәркілеу, ұялы байланыс арқылы арнайы контингент жасаған қылмыстарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу