8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2025 1818 0
Қалалықтар қаперіне

Тұрғындар уәж айтты

Өткен аптада БҚО халық шығармашылығы орталығының ғимаратында қала тұрғындары облыс әкімі Н. Төреғалиевпен және қала әкімі М. Байменовпен кездесіп, көкейдегі сауалдарын жеткізді.

Осы кездесуде Строитель шағын ауданының №44 көппәтерлі үйдің тұрғындары ескі, тозығы жеткен лифтіге күрделі жөндеу керектігін және аталмыш үйдің маңындағы үзіліссіз жұмыс жасайтын дүкендерден алкогольдік ішімдік алушылардың көптігін алға тартты. Сондықтан түнгі уақытта жұмыс жасайтын дүкендерде ішімдікті сатпауды, түнгі сағат 11.00-ге дейін жұмыс жасауын өтінді.

Бұдан бөлек, «Казпошта» қызметінің қымбат екенін айтқан тұрғындар хаттары мен алыс жерлерге баратын заттарын жіберу үшін көрсетілетін қаржылай қызметтің қолжетімді бағада болуын талап етті. Мөңкеұлы – 83 көшесінің тұрғындары үйлерінің жертөлесіне жаңбыр мен қар суының жыл сайын кіретінін, денсаулыққа зиянын келіп жатқанына шағымданды. Сондай – ақ, жаңадан салынған Камалов – 16 үйдің бір тұрғынының арызы сотта қанағаттандырылып, сол себепті баспананың салымшылары қаржыларын да, үйлерінде ала алмай жүргендерін ашына жеткізді. Бұдан бөлек, «Школьник» шағын ауданындағы жатақхананың кез-келген уақытта өртке айналуы мүмкін екенін ескертті. Өскен ауылының тұрғындары осы кезге дейін өз қаражатына жолды жөндепті. Алайда, жүк көліктері жолды бүлдіріп, саз балшықтың салдарынан бүгінде балалары сабаққа бара алмай қиналып отырған көрнеді. Бір сөзбен айтқанда, ауылға кіреберіс жолға жөндеу қажеттігін өтінді.

Тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдаған өңір басшысы Нариман Төреғалиев көтерілген мәселелер бойынша тиісті органдарға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатынын атап өтті. Ал Камалов – 16 тұрғындарының шағымдары бойынша заң өкілдері айналысатынын жеткізді.

Бұл туралы газеттің бейсенбідегі санынан толығырақ оқуға болады.
«Жайық үні»

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
109 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
365 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»