8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2025 1282 0
Өзек

Тұрғындар көтерген мәселеге қатысты жиын

Бүгін, шілденің 10- ы күні Орал қалалық әкімдігінің кіші залында қалалық ТҮКШ – ке байланысты қала тұрғындарынан түскен өтінімдер бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, ТҮКШ – тің сектор меңгерушілері қатысты. Басқосуда сөз сөйлеген қалалық ТҮКШ басшысы А.Нұрмақов автомобиль, абаттандыру, кәріз -сорғы станцияларының секторлары бағытындағы жарықтандыру бойынша бөлінген қаржыға атқарылған жұмыстар легіне тоқталды. Ағымдағы жылы тұрғындардың балконына құлаған қара ағаштар кесілді. Сондай – ақ, көптеген көшелерде ескірген ағаштардың бұтағы да кесіліп, орнына жаңа теректер отырғызылды. Осындай жүргізілген жұмыстардың тұрғындар тарапынан түсінбеушіліктің және өткен жылғы су тасқынының салдарынан кейбір мәселелердің туындағаны рас. Дейтұрғанмен, ауқымды істер жүргізілуде. Сондықтан да қала тұрғындарының түсіністікпен қарап, тазалыққа аса мән берулерін сұраймын. Атап айтқанда, автобус тұрағына ай сайын екі рет рейд жүргіземіз. Бұдан бөлек, 6 тасымал компаниясы және 37 маршрутты қамтамасыз етіледі. «Батыс су» арнасы ЖШС-мен бірге кәріз- сорғы станцияларындағы трубаларды ауыстырамыз. 24 ауланы абаттандыру шілде айында аяқталады. Ағымдағы жұмыстар әлі жалғаса береді,- деді А.Абайұлы. Жиынның соңында қатысушылар сауалдарын қойып,кейбір мәселені жауапты мамандармен бірігіп шешілетінін жеткізді.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
115 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
366 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»