8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2019 2471 0
Өзек

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАДАҒАЛАНДЫ

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың нұсқауына сәйкес 16 ақпан тұрғын үй секторындағы республикалық өрт қауіпсіздігі күні болып жарияланды. Аталған нұсқау негізінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 08.02.2019 ж. №41 бұйрығымен тұрғын үй секторындағы өрт-профилактикалық жұмысын ұйымдастыру бойынша штаб құрылды.

2019 жылдың 16 ақпаны күні Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздгі күнін» ұйымдастырып өткізді.

Өткен демалыс күндері Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі мен коммуналдық қызмет, еріктілер мен БАҚ өкілдері өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді,  оның барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері мен су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекетін түсіндіру бойынша аула аралау жүргізілді.

Аталған іс-шара облыстың барлық аудандарында да жүзеге асырылып, оларда халыққа қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Сенбілік барысында азаматтық қорғау қызметкерлері 9800-ден астам облыс тұрғандарын қамти отырып 4 мыңнан астам аула аралау жүргізді. Нәтижесінже өрт қауіпсіздігі тақырыбында дайындалған 19 мыңнан астам жадынама таратылды. БҚО ТЖД қызметкерлері мен еріктілер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірсе, коммуналдық қызмет өкілдері тұрғын үйлердегі газ құрылғылары мен пештерге тексеріс жүргізді. Бұзушылық анықталған жағдайда, БҚО ТЖД қызметкерлері алдағы уақытта осындай бұзушылықтың нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуын ескерте отырып бұзушылықтарды қалпына келтіруге ескерту берді.

Облыс аумағындағы тұрғын үй секторында өрттерді тұрақтандыру мақсатында Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
97 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
73 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»