8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2021 992 0
Қоғам

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ҚОЛЖЕТІМДІ

26 мыңнан астам батысқазақстандықтың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндігі бар. Олар қаражатты тұрғын үй алуға немесе белгіленген басқа да мақсатқа пайдалана алады. Осы орайда өңірде тұрғын үйлер құрылысы туралы ақпараттың көпшілік үшін қолжетімді болуы маңызды. Бұл мәселе бүгін, 12 ақпан күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында қозғалды.

Бұған дейін облыс басшысы Ғали Есқалиев қала әкімдігіне шаһарда салынып жатқан тұрғын үй құрылыстары туралы ақпараттың тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған.  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін ғана емес, үй алуды жоспарлап жүрген өзге де азаматтар үшін мұндай ақпараттың  ашықтығы маңызды.

– Біздегі мәлімет бойынша 3000-ға жуық қор салымшысы жинақтарынан 10 млн. теңгеден астам қаражатты ала алады. 6 мыңдай салымшының 3-10 млн. теңге аралығындағы қаражатты алуына мүмкіндігі бар. Олардың бәрі тұрақты жұмыс орны бар мамандар, тұрақты бизнесі бар кәсіпкерлер екені түсінікті. Сондықтан бұл  азаматтардың үйді басқа облыстардан емес, біздің өңірден таңдағаны жергілікті атқарушы орган үшін маңызды. Сол себепті қай жерде, қандай тұрғын үйдің салынып жатқаны туралы ақпарат қолжетімді болуы керек, – деді Ғали Есқалиев.

Былтыр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шаһарда 7 көпқабатты үй салынып, 1251 пәтер берілді. Одан бөлек жеке инвестиция есебінен 37 көпқабатты үй салынған. Олардың 10-ы – тоғыз қабатты, 16-сы – бес қабатты, 2-уі – төрт қабатты, 9-ы – үш қабатты үйлер.

Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың мәліметінше, биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және КПО б.в қаражаты есебінен 10 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда. Олар – Зашаған кенті мен қаланың солтүстік-шығыс аумағында бой көтеруде. Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Олардың жалпы аумағы 285 мың шаршы метр деп есептелген.

–  Қаладағы үй құрылыстары   uralsk.smartmap.kz сайтында бар. Геоақпараттық порталда әр жыл бойынша құрылыс туралы ақпарат орналастырылған. Коммерциялық тұрғын үйлердің мекенжайлары, құрылыс жүргізуші мердігер, неше қабатты үй, қанша пәтер болатыны туралы деректер, аяқталу мерзімі және пәтерлердің эскизі көрсетілген. Биылғы жылы салынып жатқан 30 көпқабатты үйді порталаға толық енгіздік, – деді Абат Шыныбеков.

Бұл сайт 2020 жылы іске қосылған болатын.  Аталмыш сайттан «Отбасы» банкі мен «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» сайттарына өту арқылы үй алу шарттарымен танысуға, жинақтағы қаражатты есептеуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ сатылатын пәтерлер бойынша тұрғын үй нысандарының әкімшілігіне шығу үшін байланыс телефондары көрсетілген.

Айта  кетейік, Мемлекет басшысы қаңтар айында  қол қойған «Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы» заңға сай тұрғындар жас ерекшеліктеріне байланысты  жинағының бір бөлігін алдын ала алып, өзінің немесе туысының баспана мәселесін шешуге, ипотекалық несиені жабуға және емделуге жұмсауға құқылы.  Болжам бойынша 26 мыңдай облыс тұрғынының қорға жинақталған қаражаттары белгіленген шектен жоғары.  Оның ішінде 6800 адам – 3-10 млн. теңге аралығында, 2874 салымшы – 10 млн. теңгеден жоғары қаражатты жинағынан шешіп ала алады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
177 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
200 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
462 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
941 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1319 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1196 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1677 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2295 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2459 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2467 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2519 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2522 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2111 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3000 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3054 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3047 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3664 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3630 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3620 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3595 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3756 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»